Оң бетбұрыс өзгерістерге жол ашпақ
Бұған дейін мемлекеттілігімізді айқындайтын басты құжат Конституция уақыт талабына байлансты өзгерістерді қажет ететін. Жыл басында жүзеге асқан, шамамен 84 процент –77 бабы өзгеріс пен толықтыру енгізілуі өзгестерге ұмтылған елдің байсалды қадамы болды. Елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңартқан құжат мәтінінің маңыздылығының бірі –қоғам талқысына ұсынылуы болды. Жаңа редакцияда Конституцияның құрылымы қайта қаралып, бастама жаңартылды. Бөлімдер бекітіліп, қосымша жаңа бөлімдер енгізілді. Соның бірі – Халық Кеңесі.
Бұл кеңес халық пен билік арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ететін жалпыұлттық консультативтік орган.
Реформаның негізгі өзегі – адам құқығы. Конституцияда адам және оның өмірі, қадір-қасиеті мемлекет саясатының негізгі құндылығы ретінде айқындалып, тұрғындардың өмір сүру құқығы абсолютті деп танылып, жеке тұлғаның қолсұғылмауы, кінәсіздік презумпциясы, өзін-өзі айыптауға мәжбүр етпеу қағидалары күшейтілді. Ұсталған азаматқа өз құқықтарын міндетті түрде түсіндіретін «Миранда ережесі» жасақталып, цифрлық дәуір талаптарына сай дербес деректерді қорғау нормалары конституциялық деңгейде бекітілді.
Мемлекеттің құндылықтық бағытта айқындалық нақтыланып, зайырлылық қағидаты нығайтылды. Отбасы одағы белгіленді, экологиялық қауіпсіздік, білім, ғылым және инновацияны дамыту мемлекет үшін басым бағыт деп танылды.
«Әділетті Қазақстан» идеясының құқықтық негізіне бағаланып өзгерістер – халықтың әділдік, қауіпсіздік және билікке сенім артуға деген сұранысына берілген жауап болмақ. Түпкілікті шешімнің жалпыұлттық референдум арқылы қабылдануы ашықтық пен демократиялық мемлекеттіліктің айқын көрінісі. Оң бетбұрыс өзгерістерге жол ашпақ.
Әмірхан ҚОСБАРМАҚОВ,
Құқық қорғау саласының ардагері














