Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Конституция: Елдің болашағына бағытталған реформа

Жаңа Конституция: Елдің болашағына бағытталған реформа

Елімізде соңғы уақытта бүкіл қоғамның назарын өзіне аударған маңызды саяси оқиға орын алды. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия бірнеше отырысы өтіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылып, бүгін Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының ресми сайтында жариялады.
Жаңа Ата Заң жобасы асығыс қабылданған құжат емес. Ол ұзақ уақыт бойы мұқият талданып, ашық қоғамдық талқылаудан өтті. Құжатты әзірлеу барысында азаматтардың пікірі, сарапшылардың ұсыныстары ескерілді. Нәтижесінде Конституция мәтінінің 84% жаңартылып, елдің негізгі заңыyt түбегейлі өзгерістер енді.
2025 жылғы 8 қазанда Парламенттік реформаны іске асыру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына белгілі құқықтанушы ғалымдар, тәжірибелі сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді.
Жаңа редакциядағы Конституция жобасында Преамбула, 11 бөлім және 95 бап бекітілуі ұсынылған. Құжаттағы өзгерістер қазақы қоғамға тән негізгі құндылықтар мен қағидаттарды айқындауға, сондай-ақ саяси институттардың тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасауға бағытталған.
Жоғарыда аталған 11 бөлімнің арасынан үшінші бөлімді тарқатып айтқым келеді. Конституцияның Үшінші бөлімі «Президент» деп аталады. Бұл бөлімде 42-баптан 51-бапқа дейінгі аралықта Президенттің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктері көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, Қазақстан атынан халықаралық қатынастарда өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
Президент Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары тарапынан жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайланады. Конституциядағы маңызды жаңалықтардың бірі – бір адам Президент болып тек бір рет қана сайлана алады. Бұл норма биліктің шектен тыс шоғырлануына жол бермеуге бағытталған.
Президент Конституция мен заңдар негізінде бүкіл ел аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Сонымен қатар, ол басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға немесе өкілді органның депутаты болуға құқылы емес. Бұл талаптар Президенттің мемлекет мүддесіне толықтай қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ Конституцияда Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалатыны нақты көрсетілген.
Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы – Қазақстанның саяси жүйесін жаңғыртуға, демократиялық қағидаттарды нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам. Бұл құжат ел болашағы үшін жауапкершілікті сезінетін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын мемлекет құруға негіз болмақ.
Самұрат ИМАНДОСОВ, 
Қызылорда облысының Құрметті азаматы,
І дәрежелі «Барыс», «Құрмет», «Парасат», ордендерінің иегері

31 қаңтар 2026 ж. 203 0

Қазалының Балтабайы еді

31 қаңтар 2026 ж. 116

ЖИ: қауіп пе, құрал ма?

31 қаңтар 2026 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031