Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда 2025 жылы 300 орындық "Келешек мектебі" пайдалануға берілді

Қазалыда 2025 жылы 300 орындық "Келешек мектебі" пайдалануға берілді

Өткен жылы ауданның білім баласы толайым табыстарға қол жеткізді.
2024 жылдың басында Әйтеке би кентінде 250 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілсе, 2025 жылы Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Жанқожа батыр ауылында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді.
Бүгінде білім ордасы ауыл балаларына сапалы білім мен жарқын болашақтың даңғыл жолын ұсынып отыр. Заманауи құралдармен толық жабдықталған 23 оқу кабинеті, «STEM», робототехника, хореография бөлмесі, спорт залы, кітапхана және асхана оқушылардың сапалы білім алуына қызмет жасайды. 264 оқушы қосымша біліммен қамтылған.
Бұдан бөлек ауданның білім саласында 2025 жылы аудан орталығындағы №234 Ж.Жабаев атындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізілсе, 8 білім ордасына ағымдағы жөндеу жүргізуге қаржы бөлініп, жұмыстар толық атқарылды.
Аудандағы білім ордалары жабдықталған кабинеттермен қамтамасыз етіліп, 25 білім беру ұйымдарына талапқа сай бейнекамера орнатылды.
Сонымен бірге, Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектеп ғимаратының қасбеті қапталып, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей ауласына ойын алаңы салынды.
02 ақпан 2026 ж. 83 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728