Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл балаларының жарқын болашағы

Ауыл балаларының жарқын болашағы

Ауыл балаларының сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Соның айқын дәлелі – Жанқожа батыр ауылындағы жаңа білім ордасы.
2025 жылдың наурыз айында Қазалы ауданына қарасты Жанқожа батыр ауылында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай салынған білім ордасы ауыл балалары үшін сапалы білім мен жан-жақты дамуға жол ашқан маңызды әлеуметтік нысанға айналды.
Екі қабаттан тұратын «Келешек мектебі» заманауи талаптарға сай жобаланып, оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған толыққанды білім беру орталығы ретінде қызмет атқаруда. Білім ордасында соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған пәндік оқу кабинеттері, жаратылыстану бағытындағы зертханалар, заманауи талаптарға сай спорт залы мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға арналған арнайы алаңдар қарастырылған.
Бүгінде жаңа мектеп ауыл оқушыларына кең, қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуға мүмкіндік беріп отыр. 2024-2025 оқу жылында білім ордасында 296 оқушы мен 20 мектепалды даярлық тәрбиеленушісі білім алды. Оқушыларға сапалы білім беруде тәжірибелі әрі білікті 46 педагог қызмет атқаруда. Оның ішінде 7 педагог-зерттеуші, 29 педагог-сарапшы, 9 педагог-модератор және 1 педагог-тағылымдамашы бар. Бұл мектеп ұжымының кәсіби әлеуетінің жоғары екенін айқын көрсетеді.
Мектепте білім беру үдерісі жаңа форматта ұйымдастырылып, әр оқушының жеке қабілеті мен қызығушылығын ескеруге басымдық берілген. Оқушыларға бағыт-бағдар беретін жеке жұмыс жүйесі, шығармашылық ойлау мен сыни пайымдауды дамытуға негізделген сабақтар енгізілген. Сонымен қатар ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы білім алушылардың заманауи дағдыларды меңгеруіне жағдай жасалған.
Жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында мектепте оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген. Демалыс және шығармашылық аймақтар, жарық әрі кең сынып бөлмелері балалардың сабаққа қызығушылығын арттырып, еркін ойлауына мүмкіндік береді. Осындай кешенді жағдайлар «Келешек мектебін» ауыл балалары үшін сапалы білім мен жарқын болашаққа бастайтын маңызды орталыққа айналдырып отыр.
Оқу жылы барысында мектеп оқушылары түрлі деңгейдегі білім, өнер және спорт бағытындағы олимпиада мен байқауларда белсенділік танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Атап айтқанда, шәкірттер 71 аудандық, 13 облыстық және 7 республикалық олимпиада, байқау мен спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Аталған жетістіктер мектепте білім сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жемісі екені сөзсіз.
Биыл 11-сыныпты 17 оқушы тәмамдап, оның төртеуі «Алтын белгі» иегері атанды. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже – 133 балл тіркелді. Бұл көрсеткіш ауыл мектебі үшін үлкен жетістік саналады.
Жаңа мектеп заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Білім ордасында 23 оқу кабинеті, STEM зертханасы, робототехника сыныбы, хореография залы, кең спорт залы, кітапхана және заманауи асхана жұмыс істейді.
Сонымен қатар 264 оқушы қосымша білім беру үйірмелері мен секцияларға қамтылып, өз қабілеттерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік алуда.
Жайлы мектептің алдағы оқу жылына қойған басты мақсаты – әрбір балаға сапалы білім берумен қатар, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, ауыл мектебін заман талабына сай үздік білім ордасына айналдыру. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын тауып, ауыл балаларының болашағына берік негіз қалауда.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
10 қаңтар 2026 ж. 31 0

Бақытқа бастар бір шешім

10 қаңтар 2026 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031