Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында теміржол арқылы өтетін аспалы көпір пайдалануға берілді

Қазалы ауданында теміржол арқылы өтетін аспалы көпір пайдалануға берілді

Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентін теміржол желісі екіге бөліп жатқаны белгілі. Теміржолдың арғы бетінде 15 мыңнан астам тұрғын қоныстанған. Осы мәселені шешу мақсатында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тікелей қолдауымен теміржол вокзалы маңынан жаяу жүргіншілерге арналған теміржол үстінен өтетін заманауи аспалы көпір салынып, ел игілігіне берілген болатын.
Жалпы құны 1,3 млрд теңгеге салынған теміржол үстінен өтетін аспалы көпірдің құрылысымен мердігер мекеме «ҚазТеміржол Engineering» ЖШС айналысты.
Аталған нысан тұрғындардың қауіпсіз әрі еркін қозғалуына толық жағдай жасайды. Көпірдің үсті мен жаны толық жабық, іші жылы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы лифт орнатылған. Бұл – барша тұрғынның, әсіресе қарттар мен ерекше қажеттілігі бар жандардың жайлы қатынауын қамтамасыз ететін әлеуметтік маңызы зор жоба.
Жаңа көпірдің іске қосылуы тұрғындар тарапынан үлкен қолдау тауып, халық өз ризашылығын білдіруде. Елдің өмір сапасын арттыруға бағытталған осындай игі бастамалар өңірдің дамуына тың серпін беретіні сөзсіз.
02 ақпан 2026 ж. 74 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728