Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қартқа – жайлы, балаға – қауіпсіз

Қартқа – жайлы, балаға – қауіпсіз

«Көпір салу – сауапты істердің ең үлкені» делінген пайғамбарымыздың хадистерінің бірінде. Шынында да, көпір – тек екі жағалауды жалғап тұрған құрылыс ғана емес, ол – адамдардың тіршілігін, күнделікті қозғалысын, тағдырын тоғыстыратын маңызды нысан. Әсіресе өзен-көл мен теміржолдың арғы-бергі бетінде орналасқан елді мекендер үшін көпірдің орны бөлек. Көпірсіз өрісің тарылып, тіршілігің тұйықталады. Ал ислам дінінде көпір салу мен құдық қазу және ағаш егу – сауабы үздіксіз жүріп тұратын қайырымды істердің қатарына жатқызылуы да оның қоғам үшін маңызын айқын аңғартады.
Қазалы халқы үшін көпір мәселесі бұрыннан өзекті болатын. Қаланың екі бөлігін жалғап тұрған ағаш өткел 70 жылға жуық уақыт бойы тұрғындарға қалтқысыз қызмет етті. Алайда уақыт өз дегенін жасап, өткелдің тозығы жетіп, қауіпсіздік талаптарына жауап бермей қалды. Осыған байланысты жаңа, заманауи аспалы көпір салу мәселесі бес жыл бұрын күн тәртібіне шығарылып, жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті рұқсат алынды. Қажетті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, көпір жуырда халық игілігіне пайдалануға берілді.
Теміржолдың арғы бетінде 13 мыңнан астам тұрғын қоныстанған. Олардың күнделікті жұмысқа, оқу орындарына, медициналық мекемелерге, базар мен әлеуметтік нысандарға қатынауы осы өткел арқылы жүзеге асады. Көтерілген маңызды мәселені шешу мақсатында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тікелей қолдауымен теміржол вокзалы маңынан жаяу жүргіншілерге арналған теміржол үстімен өтетін заманауи аспалы көпір салынды. Қауіпсіздік пен қолайлылықты қатар қамтамасыз еткен, әлеуметтік маңызы зор жоба саналады.
Жаңа аспалы көпір бұрынғысымен салыстырғанда әлдеқайда ыңғайлы әрі заманауи талаптарға толық сай. Оның басты ерекшелігі – жан-жағы мен төбесінің толық жабық болуы. Бұл тұрғындарды қыстың ызғары мен жаздың аптабынан, көктем мен күздегі жауын-шашыннан қорғайды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы лифт орнатылып, электр жарығымен толық қамтылған. Кең әрі еңісі ыңғайлы баспалдақтар жүріп-тұруды жеңілдетеді. Енді №5 ықшам ауданы тұрғындары үшін орталыққа өту бұрынғыдан да жеңілдеп, аяққа күш түсірмей, шаршатпайтын қолайлы бағытқа айналды.
Аталған нысан – ең алдымен қарттар мен ерекше қажеттілігі бар жандардың, балалар мен аналардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз ететін әлеуметтік жоба. Көпір іске қосылған сәттен бастап тұрғындардың қуанышы ерекше сезіледі.
Есімін Әлия деп таныстырған қала тұрғыны жаңа өткелдің игілігін күнделікті көріп жүргенін айтады.
– Аспалы көпірді жұмысқа бару үшін күнде пайдаланамын. Бұрынғы ағаш көпірдің үстімен бала кезімізде талай өткенбіз. Ол кезде базарға жаяу қатынап, үй тірлігіне қажет заттарды таситынбыз. Көненің орнына жаңасы салынады дегенді естігенде қуанышымызда шек болмады. Қыста жылы, жазда салқын, жарық әрі кең болады деген үміт ақталды. Қазір үлкен қалалардағыдай заманауи өткелмен жүріп өткенде ерекше әсер аласың. Теміржолдың арғы беті мен бергі бетіне қатынау өте ыңғайлы. Халық дән риза, – дейді ол ағынан жарыла.
Өткел іске қосылғаннан бері кәрі-жасы қолдарына ұялы телефон алып, суретке түсіп, бейнежазбалар арқылы қуаныштарын бөлісіп жүр. Жаңа аспалы көпірдің ел игілігіне берілуі қазалылықтар тарапынан зор қолдау тауып, шынайы ризашылыққа ие болды.
Қазалылықтардың алғаусыз алғысы мен ақжарма тілегі – тиімді жобаның халық үшін қаншалықты қажет болғанының айқын дәлелі. Елдің өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған осындай игі бастамалар өңірдің әлеуметтік дамуына тың серпін беріп, халық пен билік арасындағы сенімді нығайта түсетіні сөзсіз.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
27 қаңтар 2026 ж. 115 0

Жасөспірім және заң

27 қаңтар 2026 ж. 112

Ерлікке толы ғұмыр

27 қаңтар 2026 ж. 113

Халыққа қолайлы қызмет

27 қаңтар 2026 ж. 111

Рухты жастың темірқазығы

27 қаңтар 2026 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031