Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Конституцияның жобасы: Қазақстан халқы биліктің қайнар көзі әрі егемендіктің иесі

Жаңа Конституцияның жобасы: Қазақстан халқы биліктің қайнар көзі әрі егемендіктің иесі

Алты ай бойы Конституциялық реформа мәселесі қоғамда қызу түрде талқыланған басты тақырыптардың бірі болды.
Жаңа Конституцияның жобасы: Қазақстан халқы биліктің қайнар көзі әрі егемендіктің иесі
Фото: Конституциалық соттың баспасөз қызметі
Әртүрлі топтардың, соның ішінде сарапшылар қауымдастығының да ұсыныстары сарапталып, зерттелді. Кең етек жайған пікірталасқа азаматтар, түрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар белсенді түрде қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Қоғамның сұраныстарына кең ауқымда талдау жүргізіліп, еліміздің Конституциялық құрылымын одан әрі дамыту мәселелеріне түрлі мақсатты топтарды тарту жұмыстары жүзеге асырылды.
Нәтижесінде, мемлекет өте ұтымды жол тауып, жаңа Конституцияны қабылдау мәселесін тек референдум арқылы шешу қажеттігін бірден айқындады.
Мемлекет қоғамның сұранысын мұқият ескере отырып, өз даму жолын жалғастыру үшін тың шешім қабылдады.
Оған жүйелі түрде құрылған қоғамдық пікірді ескеру және кері байланысты жинау бойынша жұмыстар да ықпал етті. Яғни, жаңа Конституция жобасының пайда болуына көпдеңгейлі сараптама мен талдау жүйесі әсер етті.
Біріншіден, ұсыныстарды жинау ашық коммуникация арналары арқылы жүргізілді. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап азаматтардан Конституциялық реформаға қатысты 2 мыңнан астам бастамашыл ұсыныс келіп түсті.
Екіншіден, Конституциялық комиссия 130 адамнан құрылды. Оның құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі құқықтанушылар, орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары басшылары, мәслихат төрағалары, өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері, сарапшылар мен ғылыми қауымдастықтар кірді. Осылайша, Комиссия құрамына Қазақстанның барлық әлеуметтік топтары мен өңірлердің өкілдері енгізілді.
Комиссияның негізгі міндеті – барлық ұсыныстарды мұқият қарау, жинақтау және нақты өзгерістер жобасын дайындау болып белгіленді.
Комиссия мүшелері мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа логикасын қалыптастыру, Қазақстанның әлемдегі орнын көрсететін өзекті қоғамдық құндылықтарды бекіту және елдің ұзақмерзімді даму қағидаттарын қалыптастыру бойынша тыңғылықты жұмыс атқарды.
Барлық комиссия отырыстары толық жария түрде және тікелей эфирде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы көрсетілді.
Өз пікірлері мен ұсыныстарын белгілі заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғамдық ұйым өкілдері, депутаттар, саясаттанушылар және басқа сарапшылар білдірді.
Осылайша, жаңа Конституция жобасының жариялануы – қоғамның сұранысына негізделген ұзақ әрі мұқият сараптамалық жұмыстың нәтижесі.
31 қаңтар 2026 ж. 115 0

Қазалының Балтабайы еді

31 қаңтар 2026 ж. 117

ЖИ: қауіп пе, құрал ма?

31 қаңтар 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031