Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Біліктілік білімнен басталады

Біліктілік білімнен басталады

Жуырда ғана Қызылорда өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Ел Президенті Қ. Тоқаев рухани мәселелерді де назардан тыс тыс қалдырмады. Астана мен Алматыда президенттік кітапханалардың құрылысы басталатыны туралы өз сөзінде атап өтті.
Ұлттық құрылтайдағы тағы бір жаңалық – Үкімет елдегі кітапханалардың кітап қорын толықтыруды қолға алмақ. Бұл игі іс еліміздегі кітапханалардың жүгін жеңілдетіп, оқырман тартудың маңызды элементі болары анық. Кітапхана қоры заманның сұраны-сына сай жаңарып отыруы керек деп білемін. Әлем таңдаған кітаптарды біздің де балалар оқығаны жөн. Адамзаттық деңгейде ойлана алуға тиіс. Терең ойлауды кітап қалыптастырады, ой ұшқырлығына баулиды десек артық айтқандығымыз емес.
Осы ретте колледж кітапханашысы ретінде оқуға құштар өскелең ұрпақты даярлау, әдеби орта қалыптастыру бағытында мәдени-көпшілік жұмыстарын ұдайы ұйымдастырып отырамын. Өзім еңбек ететін Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және үздіксіз білім алудың маңызын түсіндіру бағытында «Оқитын студент – бәсекеге қабілетті маман» тақырыбында ашық алаң өткізілді.
Ашық алаң барысында білім алушылар өз мамандықтарына сәйкес келетін әдеби шығармаларды оқып, мазмұнына талдау жасап, көпшілікке ұсынды. Атап айтқанда, «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығының №25-1 оқу тобы түрік жазушысы Нұр Домбайжының «Хакер әжей» кітабына талдау жасаса, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының №25-5 оқу тобы Е. Гусляровтың «Бір кесе шай» және К. Паустовскийдің «Кәрі аспаз» әңгімелеріне әдеби шолу жүргізді.
Сонымен қатар ашық алаң аясында студенттер «Мамандыққа қажетті дағдылар» тақырыбында жобалар әзірлеп, кәсіби бағыттағы мақсаттары мен шығармашылық идеяларын жүйелі түрде негіздеп, жоғары деңгейде қорғады. Бұл жұмыстар студенттердің өз мамандықтарына деген жауапкершілігін арттырып, болашақ кәсіби қызметіне саналы көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында колледж директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Жанилова Гүлазат Инабатқызы қорытындылап, белсенділік танытқан білім алушыларды арнайы дипломдармен марапаттады.
Ашық алаң студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыруға, кітап оқу арқылы кәсіби дамудың маңызын терең ұғындыруға бағытталды. Алдағы уақытта да білім алушылардың зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ететін осындай мазмұнды іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру көзделіп отыр.
Алтынгүл САНСЫЗБАЙ,
Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің
кітапханашысы

31 қаңтар 2026 ж. 28 0

ЖИ: қауіп пе, құрал ма?

31 қаңтар 2026 ж. 20

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031