Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдер денсаулығы – басты назарда

Әйелдер денсаулығы – басты назарда

Қазалы теміржол ауруханасының гинекология бөлімі әйелдер денсаулығын қорғауға бағытталған жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін маңызды құрылымдық бөлімше болып табылады. Заманауи диагностикалық және емдеу әдістері қолданылатын бөлімшеде науқастарға уақытылы, сапалы әрі қауіпсіз медициналық қызмет көрсетіледі.
Қазалы теміржол ауруханасының гинекология бөлімі типтік үлгідегі үш қабатты аурухананың бірінші қабатында орналасқан. Бөлімше 12 төсек-орынға есептелген және науқастарға қолайлы жағдай жасалған. Бөлімшеде 3 төсектік 2 палата, 2 төсектік 3 палата, емдеу бөлмесі, манипуляция бөлмесі, асхана, сондай-ақ бөлімше меңгерушісінің жеке кабинеті бар. Палаталар санитарлық талаптарға сай жабдықталған, науқастардың жайлылығы мен қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген.
Бөлімшенің негізгі мақсаты – науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, ауруды уақытылы анықтау, нақты диагноз қою және бекітілген стандарттарға сәйкес сапалы әрі тиімді ем жүргізу. Сонымен қатар дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, заманауи медициналық технологияларды тәжірибеге енгізу және халыққа көрсетілетін арнайы медициналық көмектің сапасын арттыру басты назарда. Барлық медициналық қызмет көрсету үдерістері медициналық деонтология қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлім меңгерушісі – I санатты акушер-гинеколог Ғазиза Қайратқызы. Оның еңбек өтілі 10 жыл, кәсіби тәжірибесі мол, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті маман. Бөлімшенің аға медбикесі – Сақыпжамал Смет, еңбек өтілі 18 жыл. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, орта буын қызметкерлерінің жұмысын үйлестіруде үлкен тәжірибесі бар. Бөлімшеде I санатты 5 медбике қызмет атқарады. Олардың барлығының жарамды маман сертификаттары бар және кәсіби деңгейі жоғары.
Науқастар бөлімшеге жоспарлы түрде де, шұғыл жағдайда да қабылданады. Науқас бөлімшеге түскен сәттен бастап кешенді диагностика жүргізіледі. 20-30 минут ішінде қажетті емдеу шаралары басталады. Диагностикалау барысында ультрадыбыстық зерттеу, электрокардиография кеңінен қолданылады. Антибиотиктерге сезімталдық міндетті түрде анықталып, егжей-тегжейлі зертханалық тексерулер жүргізіледі.
Жатырдың жедел қабыну аурулары бар науқастарды тексеру кезінде клиникалық, биохимиялық зерттеулер, электролиттік көрсеткіштерді анықтау толық көлемде орындалады. Бұл аурудың ағымын нақты бағалауға және тиімді ем тактикасын таңдауға мүмкіндік береді.
Бөлімшеде физиотерапиялық емдеу әдістері кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, УВЧ терапиясы, электрофорез, соққы толқыны терапиясы, емдік дене шынықтыру, массаж, кварцтау, емдік ванналар, балқарағай бөшкесі, діріл массажы және басқа да заманауи физиотерапиялық тәсілдер жасалады. Шипалы әдістер науқастардың сауығу процесін жылдамдатып, асқынулардың алдын алуға бағытталған.
Жүргізілген кешенді тексерулер мен тиімді емдеу шараларының нәтижесінде науқастарға уақытылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіледі. Олардың денсаулығы қысқа мерзімде қалпына келтіріледі.
Гинекология бөлімшесінде жыл сайын жоспарлы түрде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, материалдық-техникалық база жаңартылып отырады. Өз кезегінде медициналық қызмет көрсету сапасын арттырып, науқастар мен медицина қызметкерлері үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырады.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
27 қаңтар 2026 ж. 110 0

Жасөспірім және заң

27 қаңтар 2026 ж. 112

Ерлікке толы ғұмыр

27 қаңтар 2026 ж. 113

Халыққа қолайлы қызмет

27 қаңтар 2026 ж. 111

Рухты жастың темірқазығы

27 қаңтар 2026 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031