Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліде жаңа инфекциялық бөлімше ашылды

Шиеліде жаңа инфекциялық бөлімше ашылды

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысының Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында 30 төсектік жаңа инфекциялық бөлімше іске қосылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа нысан 20 орын балаларға, 10 орын ересектерге арналған. Қажет болған жағдайда төсек саны 40-қа дейін ұлғайтылуы мүмкін. Бөлімшеде үш дәрігер (оның ішінде балалар және ересектер инфекционистері) және орта, кіші медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

Бөлімше заманауи талаптарға сай жабдықталған: электрондық төсектері бар 5 бокс-палата, 13 жалпы палата (25 төсекке есептелген), реанимациялық палата, емшара және қарау кабинеттері, шағын операциялық блок қарастырылған. Барлық палаталар бактерицидтік сәулелендіргіштермен және шприц диспенсерлерімен жабдықталған.

Медициналық мекеме тәулік бойы стационарлық режимде жұмыс істейді. Мұнда жіті ішек инфекциялары, ЖРВИ, ларингит, тері инфекциялары, сондай-ақ жіті және созылмалы бруцеллезбен ауыратын науқастарға көмек көрсетілетін болады.

Мамандардың айтуынша, бөлімшенің басты артықшылығы – қауіпті инфекцияларды ерте диагностикалау, оқшаулау және емдеу мүмкіндігінің жоғары деңгейде болуы. Бұл Шиелі ауданы үшін ерекше маңызды, себебі аймақ Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эндемиялық аймағына жатады.
01 қыркүйек 2025 ж. 245 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930