Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДАҒЫ ПАЛЛИАТИВТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДАҒЫ ПАЛЛИАТИВТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде паллиативті медициналық көмек көрсету және оңалту бөлімшелерінің жұмысымен танысты.
Аталған бөлімше ғимараты өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген. «Пульс» ЖШС күрделі жөндеу жүргізіп, материалдық базасы жетілдірілді, заманауи үлгідегі технологиялармен қамтылды. Арнайы медициналық құрал-жабдықтар алынып, білікті мамандар тартылды.
Мұнда ауыр хәлдегі және ұзақ уақыт бойы оңалтуды қажет ететін науқастарға тәулік бойы ем-шара жүргізіледі. Ол үшін барлық мүмкіндік қарастырылған, науқастар мезгілімен ем қабылдап, дәрігер бақылауында болады.
Қос бөлімшеде 5 дәрігер, 50-ге жуық орта және кіші буын қызметкер еңбек етеді. Сонымен қатар, логопед, психолог, массажист, емдік-дене шынықтыру мамандары жұмыс жасайды.
Айта кету керек, жаңа ғимараттың бір бөлігінде облыстық жедел жәрдем станциясына қарайтын аудандық бөлімше орналасқан.
Аймақ басшысы күрделі жөндеуден өткен медициналық нысан ел игілігіне ұзақ жылдар бойы қызмет ететініне сенім білдіріп, бөлімше жұмысына сәттілік тіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
20 ақпан 2025 ж. 252 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 111

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 109

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930