Ардагерді мерейтойымен құттықтады
Қазалы ауданында ауған соғысының ардагері, Қазалы ауданының құрметті азаматы, генерал-майор Әлімжан Қанағатұлы Ерниязовтың 70 жасқа толуына орай мерейтойлық қабылдау өтті.
Тағылымы мол шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ерлік пен батырлықтың, Отанға адал қызмет етудің биік үлгісін көрсеткен ардагердің ел алдындағы ерен еңбегін кеңінен атап өтті. Ауған соғысының отты жылдарынан абыроймен өтіп, Қазақстан Қарулы Күштерінде жауапты басшылық қызметтерді атқарған Әлімжан Қанағатұлын – жас ұрпаққа патриоттық тәрбиенің айқын үлгісі екенін жеткізді.
Жиында мерейтой иесіне Қазалы ауданының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ауданның ең жоғары марапаты – Қазалы ауданының «Құрмет» грамотасы табысталып, дәстүрге сай сый-құрмет көрсетілді.
Салтанатты қабылдауда аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Талайлы Бөріқұлақов сөз сөйлеп, мерейтой иесіне ақжарма тілектерін арнады.
Басқосуда Әлімжан Қанағатұлы көрсетілген зор құрмет пен ыстық ықылас үшін аудан басшысы мен зиялы қауым өкілдеріне және барша жерлестеріне шынайы алғысын білдіріп, ел амандығы мен бірлігін тілейтінін жеткізді.
Әлімжан Қанағатұлы – 1955 жылы Қазалы қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітіргеннен кейін Мәскеу қаласындағы М.В.Фрунзе атындағы академияда білім алады. 2001 жылы РФ Қарулы күштері Бас штабының академиясын тәмамдайды. 1977 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірді. 1980-1981 жылдары Ауған соғысының отты жолдарынан өткен Әлімжан Қанағатұлы «Қызыл жұлдыз», «Қарулы күштер қатарында Отанға қызмет еткені үшін» ордендерімен және бірнеше мерейтойлық медальдармен наградталған. Әскери қызметінің алғашқы жылдары Орта Азия әскери округында мотострелоктық взвод және рота командирі сияқты бастапқы командалық лауазымдарда болды. Кейінірек полк, дивизия командирінің орынбасары, штаб бастығы, қару-жарақ және техника сақтау базасының бастығы сияқты жоғары лауазымдарды атқарды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының оқу орталығы мен Арсеналдар және әскери техника сақтау басқармасында басшылық қызметтерде болды. 2007-2009 жылдар аралығында «Батыс» аймақтық командалық құрамасының әскерлерін басқарды. Мұнан кейінгі жылдары Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы және ҚР Қорғаныс министрлігінде түрлі жауапты қызметтерді атқарып, 2013 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.
Бүгінгі таңда ағамыз – Қазақстан армиясының құрметті генералы, әскери даярлық пен отан қорғаудың маңыздылығын насихаттаушы ардагер.