Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Талайлы Бөріқұлақовты 70 жас мерейтойымен құттықтады

Аудан әкімі Талайлы Бөріқұлақовты 70 жас мерейтойымен құттықтады

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазалы ауданының құрметті азаматы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақовты 70 жас мерейтойымен құттықтады.
Аудан басшысы Талайлы Әмитжанұлының ел дамуына сіңірген елеулі еңбегін атап өтіп, мерейтой иесіне ризашылығын білдірді.
-«Ғибратты ғұмырында мәнді де мағыналы ғұмыр кешіп, кіндігі байланған еліне адал қызмет етіп, абыройға, сый-құрметке бөленген салиқалы аға буынның арасынан Талайлы Әмитжанұлының тұлғалық келбеті, адами болмысы ерекше. Сындарлы сәтте ел мүддесі үшін аянбай қызмет атқарғаныңызды ел бағалайды. Парасатқа толы ғұмырыңыздағы өнегелі істеріңіз – ұрпаққа үлгі-өнеге. Аудандық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарған жылдары сайлаушылар аманатын арқалап, аудандық мәслихат мінберінен аудандағы ең өзекті, кезек күттірмейтін мәселелерді көтердіңіз. Қазалы ауданында халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының 240, 250 жылдығы, Ақтан батыр Ақайұлының 245 жылдығы, Бекарыстан би Амандықұлының 250 жылдығы, Шығыстың жарық жұлдызы Ғани Мұратбаевтың 110 жылдығы мен тағы басқа шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырылуына аянбай атсалыстыңыз. Сізді аудан жұртшылығының атынан мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!», - деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Сыр елінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Талайлы Әмитжанұлына Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасы мен аудан әкімінің құттықтауы табысталды.
Мерейтой иесін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, ел ағасы Өмірзақ Түктібаев құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Талайлы Бөріқұлақов - 1955 жылы 2 қазанда Қазалы ауданы, Жаңаталап елді мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1973 жылы Өркендеу совхозында бригада есепшісі болып бастап, 1978 жылға дейін осы шаруашылықта экономист-бухгалтер қызметінде жұмыс жасаған. Осы жылдары қоғамдық негізде совхоз комсомол комитетінің секретары міндетін атқарған.
1978-1992 жылдары Жаңақұрылыс совхозында бас экономист, Майдакөл, Парт съезд совхоздарында бас бухгалтер, Энгельс атындағы совхозда кәсіподақ комитетінің секретары, директордың орынбасары, аудандық қаржы бөлімінің бас маманы, 1992-1997 жылдары Мемлекеттік қаржы бақылау комитетінің Қазалы аудандық бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
1997-2007 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазалы ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, 2007-2016 жылдар аралығында ІV, V шақырылған Қазалы аудандық мәслихатының хатшысы қызметінде болған.
2016-2018 жылдары Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы, 2018-2022 жылдар аралығында «Сыр маржаны» ЖШС директорының орынбасары болып абыройлы еңбек етті.
2022 жылдан осы уақытқа дейін Қазалы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы және қоғамдық негізде «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазалы аудандық филиалының директоры қызметтерін атқарып келеді.
03 қазан 2025 ж. 200 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 38

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031