Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғам қайраткері Нажмадин Мусабаевқа құрмет көрсетілді

Қоғам қайраткері Нажмадин Мусабаевқа құрмет көрсетілді

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарының «Құрметті азаматы» Нажмадин Мұсабаевты 75 жас мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті. Тағылымды шарада арда азаматтың өмір жолын бейнелейтін – «Тектілік туын түсірмеген тұлға» атты жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі де өтті.
Шараға аудан басшысымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, Нажмадин Түрікбенұлының қызметтес болған әріптестері, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер және жастар қатысты.
-Туған жер алдындағы азаматтық парызын адал атқарған ел ағаларының ерен еңбегі, мемлекетімізге қалтқысыз еткен адал қызметтері – біздерге қашанда үлгі-өнеге. Бүгінде ауданымызда жүзеге асырылып жатқан игі бастамалар мен даму бағдарламалары – осы бір ардақты жандардың салып кеткен сара жолының жалғасы. Еркіндікпен еңсе тіктеген қиын жылдарда Сыр өңірінің экономикасы мен ауыл шаруашылығын көтеруге ерекше үлес қосқан ардақты азаматтардың бірі - Мұсабаев Нажмадин Түркбенұлы. Бүгінде ағамыз 75 жасқа толып отыр. Ақ пейілді Қазалы жұртшылығының атынан мерейтойыңызбен Сізді шын жүректен мерейтойыңызбен құттықтаймыз, - деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Шарада мерейтой иесіне аймақтың дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ауданның ең жоғары марапаты – Қазалы ауданының «Құрмет» грамотасы табысталып, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
Мұнан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов пен Қазалы ауданының Құрметті азаматы Қасқырбай Әлімбай сөз сөйлеп, аймақтың дамуына ерен еңбек сіңірген ардақты азаматтың өмір жолынан естеліктер айтты.
Игі шара Нажмадин Түрікбенұлының өмір жолына арналған «Тектілік туын түсірмеген тұлға» атты жаңа кітаптың тұсаукесер рәсіміне жалғасты. Жаңа туындының авторларының бірі Нажмадин Мұсабаевтың ұлы Нұрназар Түрікбен кітапқа қысқаша шолу жасап, кітаптың мазмұны мен маңызы жайында айтып берді.
Шара соңында аудан басшысы ел үшін еткен еңбегінің нәтижесінде көптің ыстық ықыласына бөленген ел ағасына ұзақ ғұмыр тіледі.
Мерейтой иесі Нәжмадин Түрікбенұлы қасиетті Қазалы ауданында осындай жоғары деңгейде мерейтойлыұ шара ұйымдастырып, құрмет көрсетіп жатқан аудан әкімі мен барша азаматтарға шынайы ризашылығын жеткізді.
28 желтоқсан 2025 ж. 18 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031