Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашаққа бағыт берген басқосу

Болашаққа бағыт берген басқосу

Жуырда Тасарық ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «Сұхбат-TIME» бағыты аясында «Армандарға жол ашқан студенттік шақ» тақырыбында кездесу өтті. Аталған шара ауыл жастары мен студенттерді бір алаңға жинап, білімнің құндылығын дәріптеу, мамандықты дұрыс таңдауға жол көрсету және жастардың болашаққа деген сенімін нығайту мақсатында өткізілді.
Кеш барысында талантты жастардың орындауындағы әсем әндер шырқалып, студенттермен ашық әрі шынайы әңгіме өрбіді. Қатысушылар студенттік өмірдің қызықтары мен қиындықтары туралы ой бөлісіп, өз мамандықтарын не себепті таңдағандарын және алдағы жоспарларын ортаға салды.
Іс-шараның ойын-сауық бөлімінде жастарға арналған түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар ауылдың болашағы, елге қажетті мамандықтар мен бүгінгі қоғамда сұранысқа ие кәсіп түрлері жайында мазмұнды пікірлер айтылып, жастарға бағыт-бағдар берілді.
Бұл мазмұнды басқосу қатысушыларға серпіліс беріп, болашаққа деген сенімін нығайтары сөзсіз.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
24 қаңтар 2026 ж. 277 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930