Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел ертеңі – жалынды жастар

Ел ертеңі – жалынды жастар

Жуырда Тасарық ауылдық клубында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Қызықты көңіл, студенттік өмір» атты ауыл жастарымен кездесу кеші өтті.
Жастар саясатын қолдау мен ауыл жастарының уақытын тиімді пайдалануды мақсат еткен шырайлы шараның алғы сөзі ауыл әкімі Әлмұхан Ерғалиұлына берілді. Мінберден сөз сөйлеген әкім барша ауыл жастарына жылы лебізін білдіріп, арнайы алғыс хатпен марапаттады.
– Бүгінгі мынау жыл басындағы алғашқы шара Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевты еске алумен басталып жатқанына қуаныштымын. «Мен жастарға сенемін» деп үкілі үміт, шалқар сенім артқан Мағжанның жауһар жырына арқау болған ел ертеңі жастарымызға сенімім мол. Себебі елдің болашағы, жүрегі һәм тірегі жастар. Жалынды жастарымызға ақ жол, амандық тілеймін, – деді ауыл әкімі.
Онан соң ауылдық клуб өнерпаздары әсем ән арнап, барша көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Кеш жалғасы «Сыр-сұхбат», «Әрине, қалжың ғой!» сынды айдарларға ұласты. Онда еліміздің әртүрлі өңірлерінде білім алып жатқан және ауылдың атын асқақтатып жүрген студенттер мен ауыл көлемінде қоғамға, жалпы ауылдың тыныс-тіршілігіне белсене араласып жүрген шығармашыл жастар өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Осылайша биылғы жылдың мәдени-көпшілік іс-шарасының шымылдығы ауыл жастарымен түрілді.
– Ауылымызда биылғы жылдың алғашқы шарасы жақсы өтті. Керемет әсер мен есте қалар естеліктері мол кеш болды. Мұның барлығын ұйымдастырып, жоғары дәрежеде өтуіне мұрындық болған ауылдық клуб ұжымы мен жастарға алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз жана берсін, – деді кеш қонағы болған ауыл тұрғыны.
Серік АҚМЫРЗА
31 қаңтар 2023 ж. 302 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930