Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазына» әжелер ансамблі құрылды

«Қазына» әжелер ансамблі құрылды

Өткен бейсенбіде Әйтеке би кенттік мәдениет үйінде руханиятты жаңғыртуға бағытталған мазмұнды басқосу өтті. Жиынға сала мамандары мен ардақты әжелер қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында кәсіпорын басшысы Мөлдір Өтепбергенқызы облыс орталығында өткен Құрылтайда Мемлекет басшысы көтерген маңызды ойларға тоқталып, бүгінгі қоғамда рухани құндылықтардың әлсіреуі алаңдатарлық жағдайға айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде мәнсіз әрі жағымсыз ақпараттардың көбеюі халықтың кітап оқуға, мәдени-көпшілік шараларға қатысуға деген қызығушылығын төмендетіп отыр.
Осыған орай, рухани құндылықтарды дәріптеу, ұлттық салт-дәстүр мен өнерді заман талабына сай жаңаша форматта насихаттау мақсатында бірлесе жұмыс істеу қажеттігі айтылды. Атап айтқанда, мәдениет үйі жанынан әжелер ансамблін құру ұсынылып, бұл бастама көпшілік тарапынан қолдау тапты.
Басқосу барысында ансамбльге «Қазына» атауы беріліп, оның құрамында зейнеткерлік жасқа жеткен, өмірдің әр саласында еңбек етіп, мол тәжірибе жинаған әжелер болмақ. Ансамбль мүшелері қатарында тігінші, қолөнер шеберлері, ұлттық өнерді жетік меңгерген өнер иелері бар. Жалпы құрам 10 адамнан тұрады деп жоспарланып, аптасына екі рет тұрақты дайындық жүргізу жөнінде келісімге келді.
Кездесу барысында әдіскер Жанар Құрманбайқызы сөз алып, «Үлкендердің ақылын тыңдап өскен ұрпақпыз. Сіздердің баталарыңыз бен өмірлік өнегелеріңіз біз үшін әрдайым қымбат», – деп әжелерге ыстық ықыласын білдірді.
Отырыс барысында салмақты ойлар ортаға салынып, нақты шешімдер қабылданды. Кездесу соңында қазақы дәстүрмен шай ұсынылып, алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.
Осылайша, Әйтеке би кенттік мәдениет үйі жанынан құрылған «Қазына» әжелер ансамблі ұлттық құндылықтарды ұлықтап, руханияттың алтын арқауын жалғауға бағытталған жұмысын ресми түрде бастады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
24 қаңтар 2026 ж. 28 0

Күймен көмкерілген кеш

24 қаңтар 2026 ж. 22

Доллар тағы арзандады

23 қаңтар 2026 ж. 186

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031