Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда зейнетақы қаражатын пайдалану қағидалары өзгерді

Қазақстанда зейнетақы қаражатын пайдалану қағидалары өзгерді

Қазақстанда зейнетақы қаражатын пайдалану қағидалары өзгерді
Midjourney арқылы жасалған
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы шот ашылғаннан кейін өтініш беруші біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану туралы электрон өтінішті толтыруы тиіс. Өтініште арнайы шоттың нөмірі, қаражатты пайдалану мақсаты және қолжетімді сома көрсетілуі қажет. Құжат өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Бұған дейін өтініште жеке табыс салығын ұстау және аудару тәсілдері де көрсетілген. Қағидалардың жаңа редакциясында бұл талап алып тасталған.
Қазақстан аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану келесі мақсаттарға рұқсат етіледі:
тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті, соның ішінде бір банк қарызы шарты аясында жөндеу жүргізу үшін алынған қарызды ішінара немесе толық өтеу;
жеке тұрғын үй салу, оның ішінде мақсатты тағайындалуы жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық болып табылатын жер учаскесін сатып алу;
тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша алынған қарыздарды өтеу.
Сонымен қатар, біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен толықтырылған тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша салым шартына құқықтарды жұбайына және (немесе) жақын туыстарына беру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл ретте мұндай шарттарды үшінші тұлғаларға қайта беруіне жол берілмейді.

Сондай-ақ Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібі өзгертілген.
Құжатта белгіленген мерзімде растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемдерінің қаражаты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылатыны нақты көрсетілген.
Бұйрық 2026 жылғы 31 қаңтардан бастап күшіне енеді, ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген нормалар бұған кірмейді.
21 қаңтар 2026 ж. 114 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031