Келесі жылдан бастап зейнетақы алушылардан салық ұсталмайды

Яғни азаматтардың еңбек өтілі бойынша жинақталған зейнетақы қаражаттары салық салынатын табыс ретінде қарастырылады. Бұл ретте салық жарналар енгізілген сәтте емес, зейнетақы төлемдері алынған кезде ұсталады.
БЖЗҚ мәліметінше, бұл норма 2025 жылдың соңына дейін қолданыста болады.
2026 жылы не өзгереді?
Жаңа Салық кодексіне сәйкес, ол 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді:
БЖЗҚ-дан төленетін барлық зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығы ұсталмайды;
Бұл өзгеріс біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) де қатысты болады, мысалы, тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге;
Бұған дейін БЗТ алып, салық төлеуді кейінге қалдырған азаматтар да 2026 жылдан бастап ЖТС-тен толықтай босатылады.
Бұл жеңілдік тек Қазақстан резиденті мәртебесіне ие азаматтарға қолданылады. Ал бейрезиденттерге салықтан босату қарастырылмаған.