Қазақстанда жеке деректерді таратқандарды қылмыстық жауапқа тарту ұсынылды
Салынатын айыппұл көлемі де артпақ

Фото: istockphoto.com
Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин жеке тұлғалардың жеке деректерінің таралуына қатысты жауапкершілікті күшейту көзделгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Азаматтардың жеке өміріне қол сұқпау және жеке деректерді қорғау жөніндегі конституциялық құқықтарын іске асыра отырып, біз цифрлық деректерді үшінші тараптарға беруге қатысты қатаң реттеу мен осы салада «нөлдік төзімділік» саясатын енгізуге көшеміз», - деді Коняшкин үкімет отырысында.
Ол атағандай, осы мақсатта қауіпсіздік талаптарын сақтамаған тұлғалар үшін әкімшілік айыппұлдардың шекті мөлшері бірнеше есеге ұлғаып, 5 000 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейеді.
«Сонымен қатар, жеке деректердің жаппай таралуы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз. Цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Ал жеке ақпаратпен жауапсыз жұмыс істеудің кез келген фактісі заң талаптарына қатаң сәйкес қаралуы қажет», - деді ол.












