Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар елімізде алаяқтардан қалай қорғану керегін айтты

Мамандар елімізде алаяқтардан қалай қорғану керегін айтты

Мамандар елімізде алаяқтардан қорғану үшін цифрлық егізін дайындау керегін айтады. Мәселен, онлайн сервистерге тіркелу үшін арнайы SIM-карта алып, бұл қызметтерді төлеу үшін арнайы банк қызметін рәсімдеу керек дейді.
Сонымен қатар ұмытылмайтын, бірақ күрделі құпиясөз орнату керек екен. Әрі ашық Wi-Fi-ға қосылуға кеңес берілмейді.
“Интернетте төлем жасау үшін цифрлық карта ашқан жөн, мұны кез келген банкте 1 минутта жасауға болады. Бұл негізгі есепшот және депозитке байланысты болмауы қажет", – деді киберқауіпсіздік бойынша сарапшы Евгений Питолин.
Мәжілісмендер қазір жеке деректерді қорғау туралы заң жобасын әзірлеп жатыр. Егер қабылданса, азаматтарға жеке деректерінің жария етілгені туралы хабарлама келіп отырады. Сондай-ақ жеке деректерді жариялағаны үшін айыппұл да өседі.
"Мұнымен қатар мәжілісте Әкімшілік кодекс қаралып жатыр. Біз мұнда айыппұлды 3 есеге өсіруді ұсындық. Қазір оның көлемі 50 АЕК-тен 5000 АЕК-ке дейін. Біздің ойымызша, айыппұл жеке деректерді қорғау үшін оператор жұмсайтын шығындардан көп болуы қажет", – деді мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

03 қазан 2023 ж. 240 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 120

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 109

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930