Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда биометрия қалай қолданылатын болады

Қазақстанда биометрия қалай қолданылатын болады

Фото: freepik
Премьер-министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев депутаттық сауалға берген жауабында қазақстандықтарды биометриялық сәйкестендіруді енгізу жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, Цифрлық кодекс жобасына сәйкес биометриялық аутентификация уәкілетті орган бекіткен жұмыс істеу және қосылу қағидаларына сай ұлттық биометриялық аутентификация жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
"Сонымен қатар, Цифрлық кодекс жобасы аясында Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің жұмыс істеу және оған қосылу қағидаларын әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл қағидаларда биометриялық деректерді жинау, сақтау және жою алгоритмдері ескерілетін болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда тексерулер жүргізуге және әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға мүмкіндік беретін тетік бар. Бұдан бөлек, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жеке және заңды тұлғалардың дербес деректерге және оларды қорғауға қатысты өтініштерін қарауға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарауға, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер жүргізуге уәкілетті", – делінген жауапта.
Сонымен бірге, дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 30-дан 2000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұған дейін Қазақстанда құрылысқа арналған құжаттама беру цифрландырылғанын жазғанбыз.
05 қаңтар 2026 ж. 121 0

Үш облыста жол жабылды

06 қаңтар 2026 ж. 120

Руханият шырақшысы

06 қаңтар 2026 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031