Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылдан бастап тегін скрининг: қазақстандықтар қандай ауруларды тексерте алады

2026 жылдан бастап тегін скрининг: қазақстандықтар қандай ауруларды тексерте алады

Фото: freepik.com
2026 жылдан бастап Қазақстанда профилактикалық скринингтер бағдарламасы кеңейтіліп, қатысушылардың жас шегі артты. Қазақстандықтар енді қандай жаңа ауруларға тегін тексеруден өте алады? Ендеше, толығырақ тоқталайық. 
Тегін тексерулер кімге арналған?
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа жылдан бастап 30 жастан 76 жасқа дейінгі қазақстандықтар тегін скринингтен өте алады. Бағдарлама аясында артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, диабет және глаукомаға тексеру жүргізіледі. Денсаулықты жылына екі рет тексертуге болады.
Бұған дейін скрининг тек 70 жасқа дейінгі адамдарға жүргізілсе, енді жас шегі 76 жасқа дейін ұлғайды. Бұл қосымша шамамен 1 миллион адамды қамтуға мүмкіндік береді. Скрининг бағдарламасы бірнеше бағытта кеңейтілді:
  • Жоғары сезімталдыққа ие тесттер енгізілді, мамандардың бағалауынша, созылмалы ауруларды ерте анықтау 1,5-2 есе артады;
  • Тегін медициналық көмек кепілдік пакетіне онкоскринингтер қосылды, нәтижесінде тексерулер 300 мың азаматқа, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруда тіркелмегендерге де қолжетімді болды;
  • Ерте инсультті анықтауға арналған жаңа скрининг енгізілді. Бұл тексеруден 50 жастан асқан ер адамдар өтеді.
Министрлік скринингті жүргізу қажеттігі туралы шешімді ерлерді тексеру нәтижелеріне қарап кейінірек қабылдайтынын айтты.
Скринингтер қалай өтеді?
Министрлік түсіндіргендей, скринингтік тексерулер екі кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең:
  • Егер адам жасына сай келсе (30-76 жас) және аталған аурулардың біріне созылмалы науқас ретінде тіркелмеген болса, ол тіркелген емхана арқылы скринингтен өте алады.
Екінші кезең:
  • Барлық кейінгі қабылдаулар, талдау нәтижелеріне байланысты, қашықтықтан немесе қайта дәрігерге барып тексеруден өту арқылы жүргізіледі.
Министрлік «поликлиникалардың кадрлық және техникалық тұрғыда артқан жүктемеге дайын ба?» деген сұраққа бастапқы медициналық-санитарлық көмек стандарттары қайта қаралғанын, алайда скринингтер санын көбейту қызметкерлердің қосымша оқытуды қажет ететінін айтты.
Неліктен скрининг жасы ұлғайтылды?
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде орташа өмір ұзақтығы өсіп келеді. Соңғы көрсеткіш 75 жастан асып, әрі қарай артуда.
Қарт адамдар белсенділігін ұзақ уақыт сақтайды және созылмалы ауруларды уақтылы диагностикалауды қажет етеді. Жас шегін кеңейту ауруларды ерте кезеңде анықтауға, өмірді ұзартуға және оның сапасын сақтауға мүмкіндік береді, – делінген министрлікте.
Қазіргі таңда Қазақстанда тіркелген науқастар саны:
  • 60 жастан асқан 333 мыңнан астам адамда қант диабеті бар;
  • 1,2 миллионнан астам адамда артериялық гипертензия тіркелген;
  • 44 мыңнан астам адамда глаукома диагнозы қойылған.
Бұған дейін Қазақстанда өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтау үшін скрининг басталатыны туралы жазылған еді. Министрлік тексеру жоғары қауіп тобындағы азаматтар арасында жүргізілетінін атап өтті. Оған темекі шегетіндер және зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдар кіреді. Қазіргі кезде нақты жас шегі белгіленген жоқ.  
14 қаңтар 2026 ж. 125 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031