Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар қандай скринингтерден тегін өте алады

Қазақстандықтар қандай скринингтерден тегін өте алады

Қазақстандықтар медициналық сақтандыруы болса да, болмаса да бірнеше скринингтен тегін өтуге құқылы. Stan.kz денсаулық сақтау министрлігінен қолжетімді скринингтер тізімін сұрап білді.
Фото: Pexels.com
Ұлттық ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, бас онколог Диляра Қайдарова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында қазақстандықтар қауіпті ауруларға қатысты тегін тексеріле алатынын айтқан еді. Осы тұста денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті бұған қандай скринингтер кіретінін мәлімдеді.
"Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" бұйрыққа сәйкес, белгіленген жас бойынша ерлер мен әйелдер скринингтік зерттеуден өтеді”, – делінген хабарламада.
Медициналық сақтандыруына қарамастан, қолжетімді скринингтер:
Артериялық гипертензия
Жүректің ишемиялық ауру
Қант диабеті
Глаукома
Сүт безінің қатерлі ісігі
Жатыр мойны обыры
Колоректальды обыр
Артериялық гипертензия мен жүректің ишемиялық ауруын, глаукоманы анықтау бойынша скринингтен 30-дан 70 жасқа дейінгі қазақстандықтар 2 жылда 1 рет өте алады. Қант диабетіне скринингтік зерттеу де 30-70 жастағы халық арасында өткізіледі. Алайда оның белгілі бір мерзімі мен кезеңдері жоқ.
Тоқ ішек және тік ішектің қатерлі ісігі бойынша скринингті 50-70 жастағы қарт адамдар 2 жылда 1 рет өтеді.
Әйелдер үшін:
Сүт безінің қатерлі ісігі – 40-70 жас аралығында 2 жылда 1 рет,
Жатыр мойнының қатерлі ісігі – 30-70 жасқа дейін 4 жылда 1 рет.
Еске салсақ, елімізде онкоскрининг барлық азаматтарға тегін болады делінген еді.
06 наурыз 2025 ж. 196 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 111

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 109

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930