Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Апаттың алдын алу – амандық кепілі

Апаттың алдын алу – амандық кепілі

Күтпеген апаттың алдын алу – қазіргі уақыттағы ең өзекті міндеттердің бірі. Табиғи құбылыстардың тосыннан орын алуы кезінде бейқамдық таныту аса ауыр салдарға соқтыруы мүмкін. Сол себепті су тасқыны сияқты қауіптердің алдын алуға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде қатаң бақылауда болуы қажет. Бұл бағытта ауданда жүйелі түрде алдын алу шаралары жүргізіліп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барлық күш жұмсалуда.
Жуырда аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Басықара ауылындағы «Ә. Тыныбаев» атындағы Қазалы су торабына арнайы барып, Сырдария өзеніндегі су деңгейінің қазіргі жағдайымен танысты. Сапар барысында су торабының өндірістік учаске бастығы Болат Әсербаев пен «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің бастығы Нұрлан Әбілдаев аудан басшысына дарияға келіп жатқан су көлемі, су деңгейінің жай-күйі және мұз қалыңдығы туралы нақты мәліметтерді баяндады.
Сонымен қатар аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары өзендегі ахуалдың күн сайын 6 нүкте бойынша тұрақты бақылауға алынғанын атап өтті. Қазіргі таңда төтенше жағдайға алып келетін қауіптің жоқ екені, сондай-ақ өзен бойындағы қауіпті деп саналатын аумақтардың барлығы үздіксіз бақылауда екенін жеткізді.
Жалпы Сырдария өзенінің 176 шақырымы Қазалы ауданы аумағынан өтсе, оның 140 шақырымында қорғаныс бөгеттері орналасқан. Бүгінде елді мекендерді су басу қаупі жоқ, дариядағы су деңгейі қалыпты жағдайда сақталуда. Қазіргі уақытта Қазалы су торабына жоғары жақтан секундына 65 текше метр су келіп жатыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда шамамен 3 есе аз. Дегенмен су мамандары алдағы кезеңде өзенге келетін су көлемі 120-130 м³/с дейін артуы мүмкін екенін айтуда. Мұздың қалыңдығы да қазіргі таңда 20-25 сантиметр шамасында.
Сапар қорытындысында аудан әкімі салаға жауапты орынбасарына, дария бойындағы округ әкімдеріне және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарына су басу қаупі бар аймақтардағы тұрғындар мен малшыларға ескерту парақшаларын таратып, өзен жағдайын тәулік бойы қатаң бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
А. ЖҮСІПОВА
10 қаңтар 2026 ж. 32 0

Бақытқа бастар бір шешім

10 қаңтар 2026 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031