Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі дариядағы су деңгейін бақылады

Аудан әкімі дариядағы су деңгейін бақылады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Басықара ауылындағы «Ә.Тыныбаев» атындағы Қазалы су торабына барып, Сырдария өзеніндегі су деңгейін бақылады.
Су торабы өндірістік учаскесінің бастығы Болат Әсербаев пен «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің бастығы Нұрлан Әбілдаев аудан басшысына бүгінгі күні дарияға қаншалықты су келіп тұрғандығын, судың деңгейін және мұз қалыңдығы жөнінде баяндады.
Ал, аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары дарияда жағдай күнделікті 6 жерден бақыланып отырғандығын, қазіргі уақытта қауіптің жоқ екендігін және өзен бойындағы қауіпті саналатын аймақтардың барлығы үнемі бақылуда екенін жеткізді.
Сырдария өзенінің 176 шақырымы Қазалы ауданының территориясынан өтеді. Оның 140 шақырымында қорғаныс бөгеттері орналасқан. Бүгінде елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Дариядағы су деңгейі қалыпты.
Қазіргі таңда аудан аумағындағы Қазалы су торабына жоғарыдан 65 м3/с су келуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе аз. Су мамандарының айтуынша алдағы уақытта келетін судың көлемі 120-130 м3/с көбейеді. Одан бөлек, мұздың қалыңдығы 20-25 см шамасында болып тұр.
Аудан әкімі салаға жауапты орынбасары мен дария бойындағы округ әкімдеріне, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарына су басу аймақтарындағы тұрғындарға, малшыларға ескерту парақшаларын таратуды және күндіз-түні қатаң бақылауды тапсырды.
07 қаңтар 2026 ж. 195 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031