Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дария деңгейі тұрақты бақылауда

Дария деңгейі тұрақты бақылауда

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Басықара ауылындағы «Ә.Тыныбаев» атындағы Қазалы су торабына барып, Сырдария өзенінің бойындағы ахуалды бақылады.
Су торабының бастығы Болат Әсербаев аудан басшысына бүгінгі күні дарияға қаншалықты су келіп тұрғандығын, судың деңгейін және мұз қалыңдығы жөнінде баяндады.
Ал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев алдағы мұз еру кезеңінде Сырдария өзені арқылы жоғары жақтан келетін мұзды аудан аумағынан қауіпсіз өткізіп жіберу жұмыстары мен өзен бойындағы қауіпті саналатын аймақтардың барлығы үнемі бақылуда екенін жеткізді.
Қазіргі таңда аудан аумағындағы Қазалы су торабына жоғарыдан 280 м3/с су келуде. Одан бөлек, мұздың қалыңдығы 30-33 см шамасында болып тұр.
Аудан әкімі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығына су деңгейін қатаң бақылауда ұстап, жоғары жақтан келетін мұздың кедергісіз қозғалысын және ауыл-аймақтарға қауіп төндірмеуін күндіз-түні қатаң бақылауды тапсырды.
©Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
30 қаңтар 2025 ж. 1 870 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 85

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 81

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 80

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 75

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930