Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су деңгейі бақылауда

Су деңгейі бақылауда

Су шаруашылығы – экономиканың барлық салаларының тұрақты жұмысы мен халық тіршілігінің қамтамасыз етілуіне, қоршаған ортаның тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Мамандар Арал-Сырдария бассейнінің аумағы өзге объектілермен салыстырғанда климаты жағынан ерекшеленетінін айтады. Сырдария өзенінде су мол жылдары төменгі ағыста су басу қаупі орын алса, су аз жылдары вегетация кезінде су тапшылығы сезілетіні бар. Ал қыс мезгіліндегі ұдайы бақылау тасқынның алдын алып, су деңгейінің шектен тыс көтерілмеуін қадағалайды. Қыс түссе асау мінез танытып, арнасынан таситын алып өзеннің үрей туғызардай қауқары бар ма?
Жақында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қарлан учаскесі мен Басықара ауылындағы Ә.Тыныбаев атындағы су торабына арнайы барып, Сырдария өзеніндегі күрдің жүруі мен қалқымалы көпірдің жағдайын көрді. Қазір Қарлан учаскесіндегі Сырдария өзенінің арғы бетінде орналасқан елді мекендер Әлсейіт учаскесі арқылы аудан орталығымен байланыс жасауда.
Айта кеткен жөн, Сырдария өзенінде толық қатпаған мұздың жүруіне байланысты «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының Қарлан учаскесі мен Абай ауылының тұсындағы қалқымалы көпірлер уақытша алынып тасталған. Қазір көпірлерге қатысты жағдай тұрақты бақылауда. Абай ауылының тұсындағы қалқымалы көпір қалпына келтіріліп, қайта салынды.
– Қарлан учаскесіндегі қалқымалы көпірдің жанына арнайы учаскелік полиция инспекторлары қойылып, елді мекендердің тұрғындарына белгіленген айналма жолдар арқылы байланыс орнату түсіндірілді. Қарлан учаскесіндегі қалқымалы көпір ауа райына және Сырдария өзеніндегі мұз толықтай ұстасқаннан кейін қайта қалпына келтірілетін болады, – деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Қарлан учаскесіндегі қалқымалы көпірден кейін аудан әкімі Сырдария өзеніндегі темір бетонды көпір құрылысын көрді. Мердігер мекеме – «НұрлыТау ЛТД». Серіктестік көпір құрылысының Сырдария өзеніндегі суды уақытша бөгеу арқылы бетонтіреулерді құю жұмысы мен көпірдің кіреберіс жолын салу жұмыстарын жасауда.
Айнұр ӘЛИ
09 желтоқсан 2025 ж. 33 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 119

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 73

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 34

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031