Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда оқушылар Kundelik.kz-тен шығып, жаңа платформаға көшіп жатыр

Қазақстанда оқушылар Kundelik.kz-тен шығып, жаңа платформаға көшіп жатыр

Қазақстанда оқушылар Kundelik.kz-тен шығып, жаңа платформаға көшіп жатыр
Фото:depositphotos.com2025–2026 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап Қазақстандағы көптеген мектеп Kundelik.kz платформасын қолданудан бас тартты. Бұл шешімге Алматы Білім басқармасы пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?
Алматы Білім басқармасы мәліметінше, жаңа жүйені таңдау барысында деректердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар басты назарда болған. Осыған байланысты мектептерде BilimClass платформасы кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.

"BilimClass – толықтай қазақстандық әзірлеме. Платформаның тегін мобильді қосымшасы бар, ал серверлері Қазақстан аумағында орналасқан. Бұл пайдаланушылардың деректерінің қауіпсіздігін, құпиялылығын қамтамасыз етіп, ел заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді басқарма.

Анықтама: BilimClass – электронды журнал ғана емес, сонымен қатар мектепті басқару жүйесін, оқу контентін, әдістемелік талдауды және аналитиканы қамтитын кешенді платформа.
Жаңа жүйені енгізбес бұрын қала билігі оны Алматыдағы 15 мектепте пилоттық режимде сынақтан өткізген.

Басқа өңірлердегі жағдай
Алматы Білім басқармасы дерегінше, BilimClass платформасына қазірдің өзінде 11 өңірде шамамен 2,5 миллион оқушы мен 350 мыңға жуық мұғалім көшкен. Бұл өңірлер қатарында Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Абай, Қызылорда, Жетісу, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Алматы бұл платформаны енгізген 12-ші өңір атанды.
08 қаңтар 2026 ж. 140 0

Бақытқа бастар бір шешім

10 қаңтар 2026 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031