Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Kundelik: мыңдаған оқушының жеке дерегі әлеуметтік желіге тарап кеткен

Kundelik: мыңдаған оқушының жеке дерегі әлеуметтік желіге тарап кеткен

Яғни логин, пароль не телефон нөмірлері тараған-тармағаны белгісіз.
Фото: www.istockphoto.com

Еліміздегі Kundelik электронды күнделігіне тіркелген бірнеше мың оқушының жеке мәліметі кеңінен тарап, қолжетімді болып қалды. Оның ішінде баланың толық аты-жөні, туған күні, оқитын мектебі және сыныбы көрсетілген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты “Выход к морю” Telegram арнасына сілтеме жасап.

Олардың мәліметінше, бұл ақпарат желтоқсан айының басында шыққан. Ондағы деректер өз өзектілігі биылғы қыркүйекке жоғалтпайды. Алайда бұл туралы платформа операторлары ресми түсініктеме бермеген.

Қазір бірнеше мың жолдан тұратын файл Darknet алаңында сатылымға қойылған. Әрине, бұл қалыпты жағдай. Әзірге тараған ақпараттың қандай көлемде екені, яғни логин, пароль не телефон нөмірлері тараған-тармағаны белгісіз. Сондықтан ертеңгі күні тартар зардабымyың қаншалықты болары белгісіз.

Дегенмен Kundelik Қазақстандағы мектептердің басым бөлігінде міндетті жүйе болғандықтан, онда миллиондаған оқушы, ата-ана және мұғалім тіркелгені белгілі.

Атап айтсақ, Kundelik платформасының негізін қалаушы әрі иесі - Мұхтар Ілиясов және оның бизнес-серіктесі, "Зерде" холдингінің бұрынғы топ-менеджері Асқар Бішігев (Innovation Process Group арқылы), Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева (MP Innovations арқылы) және «Дневник.ру» ЖШҚ ресейлік компаниясы. Міне, осының негізінде Kundelik платформасы әзірленген болатын.

Негізі бұған дейін де Kundelik пен оның ресейлік баламасы бұған дейін де жеке деректердің қорғалмауы, монополия, жарнаманы ақылы түрде өшіру сияқты мәселелер үшін жиі сынға алынған. Бұған қоса, жүйедегі жарнама интеграциясының кесірінен оқушылардың күнделіктерінде порнографиялық видеолар пайда болған жағдайы тіркелген.
12 желтоқсан 2025 ж. 238 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 115

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 99

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 109

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031