Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » SIM-карталарды сату ережелеріндегі өзгерістер: министрлік түсіндіріп берді

SIM-карталарды сату ережелеріндегі өзгерістер: министрлік түсіндіріп берді

Фото: pexels
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері 2026 жылғы 6 қаңтарда Үкіметтегі брифингте SIM-карталарды сатып алу бойынша енгізілген жаңа ережелерді түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер SIM-карталарды қалай сатып алуға болатынын, оларды қай жерден алуға болатынын, биометриялық сәйкестендіру қажет пе екенін және жаңа ережелердің қашан енгізілгенін сұрады.
Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша:
"Соңғы кезде интернет алаяқтық жағдайларымен жиі кездесіп жатырмыз. Сондықтан зиянкестік схемалардың алдын алу үшін SIM-карталарды сатып алғанда биометриялық сәйкестендіру енгіздік", – деді Коняшкин.
Телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков 2026 жылғы 3 қаңтардан бастап онлайн сатып алу кезінде министр бекіткен ережелерге сәйкес биометриялық сәйкестендіру қажет екенін растады.
"Сонымен бірге, операторлардың абоненттік бөлімдерінен жеке келіп сатып алуға болады. Яғни, 3 қаңтардан бастап барлық операциялар, әсіресе мобильді қосымшалар арқылы жасалатындар, биометрия арқылы жүзеге асырылады. Егер сіз дүкенге барып SIM-карта алсаңыз, оны тек биометриялық сәйкестендіруден өткен соң пайдалана аласыз. Сіздің ЖСН-іңіз бар, SIM-картаны телефоныңызға қосасыз, бірақ биометриялық сәйкестендіруден өтпей оны қолдана алмайсыз", – деді Сейсембеков.
Дамир Сейсембеков SIM-карта орнатылғаннан кейін пайдаланушыға SMS келетіндігін және биометриялық сәйкестендіру мобильді қосымшалар арқылы өтуге болатынын түсіндірді. Ол қазіргі таңда дүкеннен SIM-карта сатып алудың қажеті жоқ екенін, оны операторлардың мобильді қосымшасы арқылы оңай алуға болатынын айтты.
"Иә, биометрия қажет. Егер оны өту қиын болса немесе сізде смартфон жоқ, тек қана кнопкалы телефон болса, ресми оператор бөлімдеріне жүгіну керек. Бұл ережелер қазір жұмыс істеп тұр. Дүкеннен SIM-карта сатып алуға тыйым жоқ, бірақ оны тек биометриялық сәйкестендіруден өткен соң ғана қолдана аласыз", – деді комитет басшысы.
Сонымен қатар ол бір қолға 10 SIM-картадан артық берілмеу шектеуі де қазір жұмыс істеп тұрғанын растады.
06 қаңтар 2026 ж. 95 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031