Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда SIM-карталарды сату-сатып алу тәсілдеріне өзгерістер енгізілмек

Қазақстанда SIM-карталарды сату-сатып алу тәсілдеріне өзгерістер енгізілмек

Фото: freepik.com

Бұған дейін Қазақстанда SIM-карталарды ресми байланыс операторлары ғана сата алатыны хабарланған еді. Енді мобильді нөмірлерді eGov сайты арқылы да сатып алу мүмкіндігі қарастырылып жатқаны мәлім болды. Цифрлық даму министрлігі тиісті түзету әзірлеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Олжас Қабеновтің мәлімдеуінше, министрлік заңнамаға өзгеріс енгізуді ұсынған.

"Заң жобасында біз нөмірлерді операторлық желі арқылы ғана емес, eGov арқылы да тарату мүмкіндігі болуын айтып отырмыз", – деді Олжас Қабенов құжатты қоғамдық талқылау барысында.

Оның айтуынша, қазір байланыс операторлары ведомствоға өтініш беріп жатыр, оларға қазақстандықтар кейіннен сатып ала алатын нөмірлер пулы берілуде.

Еске салсақ, таяуда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс қызметтерін көрсету ережелеріне өзгерістер енгізетін бұйрық жобасын жариялаған еді. Түзетулер күшіне енген кезде Қазақстанда SIM-карталарды тек байланыс операторларынан сатып алуға болатыны айтылған. Идея авторларының пікірінше, бұл алаяқтық әрекеттерін азайтуға мүмкіндік бермек. Ал SIM-карталарды жасырын саудалайтын кәсіпкерлерге айыппұл салынбақ.
02 шілде 2025 ж. 362 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 15

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031