Қазақстанда SIM-картаға жаңа талаптар енгізілді
Алаяқтыққа тосқауыл күшейді

Фото: © istockphoto.com
Қазақстанда мобильді және интернет-алаяқтықпен күресті күшейтуге бағытталған жаңа шаралар пакеті іске қосылады. Билік SIM-карталарды пайдалану тәртібін қатаңдатып, абоненттерді сәйкестендіру механизмдерін кеңейтпек. Бұл туралы Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қабылданған шешімдер:
• алаяқтық нөмірлерді жедел анықтау;
• SIM-карталарды заңсыз тіркеуді шектеу;
• абоненттің нақты кім екенін дәлелдейтін тетіктерді күшейту.
Егер күмәнді қоңыраулар немесе SMS-хабарламалар анықталса, соның ішінде SIM-бокстар арқылы жіберілген жаппай хабарламалар болса:
• оператор ақпаратты Антифрод-орталыққа жібереді;
• тексеру жүргізіледі;
• алаяқтық белгілері расталса, нөмір бірден бұғатталады, ал байланыс қызметі тоқтатылады.
Бұл механизм алаяқтардың әрекет ету уақытын қысқартып, қаржылық шығынның алдын алуға мүмкіндік береді.
Ал одан көп нөмір қажет болған жағдайда:
• қажеттілік нақты негізделуі тиіс;
• SIM-карталар қолданылатын құрылғылар көрсетіледі.
Бұл талап алаяқтық колл-орталықтарға тән жаппай нөмір жинау тәжірибесін тоқтатуға бағытталған.
• жеке тұлғаларға;
• бизнеске;
• корпоративтік SIM-карта алатын қызметкерлерге де қатысты.
Биометрия анонимді нөмір қолдану мүмкіндігін жояды және әр абоненттің жеке жауапкершілігін арттырады.
• байланыс нарығын ашық әрі қауіпсіз етеді;
• телефон және интернет-алаяқтықты азайтады;
• азаматтарды қаржылық және цифрлық алдаудан қорғауды күшейтеді.

Фото: © istockphoto.com
Қазақстанда мобильді және интернет-алаяқтықпен күресті күшейтуге бағытталған жаңа шаралар пакеті іске қосылады. Билік SIM-карталарды пайдалану тәртібін қатаңдатып, абоненттерді сәйкестендіру механизмдерін кеңейтпек. Бұл туралы Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
SIM-карталар не үшін қатаң бақылауға алынды?
Соңғы жылдары телефон және онлайн алаяқтық көбейіп, SIM-бокстар, жаппай қоңырау шалатын құрылғылар мен аноним нөмірлер негізгі құралға айналды. Жаңа ережелер осы осал тұстарды жабуға бағытталған.Қабылданған шешімдер:
• алаяқтық нөмірлерді жедел анықтау;
• SIM-карталарды заңсыз тіркеуді шектеу;
• абоненттің нақты кім екенін дәлелдейтін тетіктерді күшейту.
Байланыс операторлары қалай жұмыс істейді?
Маңызды жаңалықтардың бірі – ұялы байланыс операторларының Ұлттық банктің Антифрод-орталығымен тікелей өзара іс-қимылы.Егер күмәнді қоңыраулар немесе SMS-хабарламалар анықталса, соның ішінде SIM-бокстар арқылы жіберілген жаппай хабарламалар болса:
• оператор ақпаратты Антифрод-орталыққа жібереді;
• тексеру жүргізіледі;
• алаяқтық белгілері расталса, нөмір бірден бұғатталады, ал байланыс қызметі тоқтатылады.
Бұл механизм алаяқтардың әрекет ету уақытын қысқартып, қаржылық шығынның алдын алуға мүмкіндік береді.
Бір адамға қанша SIM-карта тіркеуге болады?
Жаңа тәртіпке сәйкес, бір адам жеке және отбасылық қажеттілік үшін 10 SIM-картаға дейін ғана тіркей алады.Ал одан көп нөмір қажет болған жағдайда:
• қажеттілік нақты негізделуі тиіс;
• SIM-карталар қолданылатын құрылғылар көрсетіледі.
Бұл талап алаяқтық колл-орталықтарға тән жаппай нөмір жинау тәжірибесін тоқтатуға бағытталған.
Биометриялық сәйкестендіру міндетті болады
Енді SIM-карта рәсімдеу кезінде міндетті биометриялық идентификация енгізіледі. Бұл талап:• жеке тұлғаларға;
• бизнеске;
• корпоративтік SIM-карта алатын қызметкерлерге де қатысты.
Биометрия анонимді нөмір қолдану мүмкіндігін жояды және әр абоненттің жеке жауапкершілігін арттырады.
Заңсыз SIM-карта сатуға қалай тосқауыл қойылады?
Мамандардың айтуынша, биометриялық сәйкестендіру делдалдар мен бейресми дилерлер арқылы SIM-карта сатуды тиімсіз етеді.«SIM-карта қай жерде сатып алынғанына қарамастан, байланыс қызметі тек абоненттің жеке басы расталғаннан кейін ғана іске қосылады», – делінген ресми хабарламада.
Қандай нәтиже күтіледі?
Жалпы алғанда, қабылданып жатқан шаралар:• байланыс нарығын ашық әрі қауіпсіз етеді;
• телефон және интернет-алаяқтықты азайтады;
• азаматтарды қаржылық және цифрлық алдаудан қорғауды күшейтеді.










