Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан бірқатар тас жол жабылды

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан бірқатар тас жол жабылды

Фото: Ru.freepik.com

Еліміздегі кейбір жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар тас жолдар жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырау облысы

Сағат 11:40-тан бастап автокөліктің барлық түрі үшін Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай – Үтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау автожолының 3–210 шақырым аралығы (Доссор – Маңғыстау облысының шекарасы) жабылды. Жол шамамен 28 желтоқсан күні сағат 18:00 шамасында ашылады.

Сағат 13:00-ден бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 179–189 шақырым аралығында (Индер – БҚО шекарасы) қозғалысқа шектеу енгізілді. Жол шамамен 29 желтоқсан сағат 00:00-де ашылады.

Маңғыстау облысы

Сағат 11:40-тан бастап автокөліктің барлық түрі үшін Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай – Үтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау автожолының 210–332 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасы – Бейнеу) жабылды. Ашылу уақыты — 28 желтоқсан сағат 18:00 шамасында.

Батыс Қазақстан облысы

Сағат 13:00-ден бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 189–492 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасы – Орал) жабылды. Жол шамамен 29 желтоқсан сағат 00:00-де ашылады.

Сағат 13:30-дан бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 273–526 шақырым аралығы (Барбастау – Ақтөбе облысының шекарасы) жабылды. Ашылу уақыты — 29 желтоқсан сағат 00:00 шамасында.

Ақтөбе облысы

Сағат 13:30-дан бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 526–610 шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасы – Қобда) жабылды. Жол шамамен 29 желтоқсан сағат 00:00-де ашылады.

Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 call-орталығына хабарласуға болады.
28 желтоқсан 2025 ж. 138 0

Балаларға шаттық сыйлаған күн

28 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031