Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таза ауыз су – тұрғындар игілігі

Таза ауыз су – тұрғындар игілігі

Су – ырыстың көзі, еңбек – кірістің көзі. Ауыз су – халықтың өмір сүру сапасын айқындайтын ең маңызды ресурстардың бірегейі, халық үшін басым міндет. Мемлекет алдында таза ауыз судың сапасын жақсарту және суды тұтынушыларға жеткізу жұмыстарын жалғасу міндеті тұр. Себебі су – ұлттық қауіпсіздік мәселесі, Қазақстан үшін стратегиялық ресурс және ұлттық қауіпсіздік факторы. Бұл орайда жаңа су салалық реформалар – су ресурстары мен суландыру министрлігін құрылып, арнайы Су кодексі қабылданды. Су қорларын тиімді басқару және сақтау шаралары қолға алынып, суды үнемдеу, заманауи технологияларды енгізу, цифрлық құрылымдар жасау және суды қорғау сияқты бағыттарға ерекше назар аударылуда.
Бүгінде елімізде шамамен 98,9 процент халық сапалы ауыз сумен қамтылған.
Елдің басты әлеуметтік міндеті – таза ауыз сумен қамтуда өңірде де оң өзгерістер алған. Қызылорда облысында ауыз сумен қамтамасыз ету – аймақтың табиғи ерекшеліктеріне байланысты әрдайым маңызды. Өңір климатының қуаңдығы, Сырдария өзеніне тәуелділік және жер асты суларының шектеулілігі бұл салада жүйелі мемлекеттік қолдауды қажетсінеді.
Соңғы жылдары мемлекеттік бағдарламалар аясында қалалар мен ауылдық елді мекендерге орталықтандырылған су құбырлары тартылып, ескі желілер кезең-кезеңімен жаңартылуда. Бүгінде тұрғындар тәуліктік, орталықтандырылған таза ауыз суды тұтынады.
Қазалы ауданы тұрғындары да мемлекет пен жергілікті билік органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде сапалы ауыз суға қол жеткізіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына берік негіз қалануда. Ауылдық елді мекендерде де жағдай жақсы сипат алған.
Ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған «Ақ бұлақ», «Нұрлы жер» сынды мемлекеттік бағдарламалар арқылы бұрын алысқа арба апарып, шелектеп су таситын, күнұзақ кезекте тұрып, қажетті мөлшердегі суды тұтына алмаған қиындық артта қалған. 2020 жылдан бастап көптеген ауылдарға су құбыры тартылып, су сапасы жақсарған. Қалалар мен ауылдарда инженерлік инфрақұрылымды, соның ішінде ауыз су және су бұру жүйелерін дамытуға бағытталған бағдарлама арқылы ескі су желілері жағдайы жақсарып, жаңа су көздері іске қосылған. Бүгінде орталықтандырылған су жүйелері тартылып, жаңа су тазарту станциялары іске қосылып, ескі инфрақұрылым кезең-кезеңімен жаңартылу үстінде.
«Бір жылдары ауыз суды дариядан тарқанда, жұқпалы аурулардың өршігені көпшілік жанынан әлі шыға қойған жоқ. Қазір, шүкір, жүйелі қолға алынған жұмыстар өз нәтижелілігін көрсетуде.
Тоқсаныншы жылдардың басында ата қонысты тастап кеткен тұрғындар қатарының толығуына осы ауыз судың жетуі себеп болды деп ойлаймын. «Дарияның арғы бетіне су қалай келеді?» деп ойлаушы едік, жоба сметасы жасалып, қаржысы шешіле, түк емес екен. Енді көгілдір отынның да игілігін көретін күн алыс емес», – дейді тұрғын Талғат Омаров.
Бүгінде су сапасы жақсартып, санитарлық талаптарға сай екендігі тұрақты қадағалануда.
Ауылдық аймақтарда су тарту жұмыстары тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, халықтың оң бағасына ие болды.
Қазалы ауданында ауыз сумен қамту бойынша 2024 жылы аудандық бюджеттен Ажар, Жұбан елді мекендеріне 31,4 миллион теңгеге су тұщытқыш қондырылған. Жаңа қондырғы қуатын биыл Бірлік елді мекенінің тұрғындары көруге мүмкіндік алды. Құны 13,1 миллион теңгеге құрылғысы қондырғы жұмысты жеңілдетіп, уақыт үнемдеуге көмектескенін айтады жергілікті жұрт.
2025 жылы Сарбұлақ елді мекенінде жоба құны 714,9 миллион теңге, Шилі елді мекеніндегі жоба құны 222,4 миллион теңге, Шәкен ауылындағы жоба құны 353,3 миллион теңге және Шитүбек елді мекеніндегі жобасы 204 миллион теңге теңге тұратын шалғай мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына республикалық, облыстық бюджет және арнайы есеп шоттан, 1 миллиард 494,6 миллион теңге қаржы бөлініп, ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары толыққанды жүргізілген.
Аудан халқын орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 2024 жылы 97,7 процентке жетсе, Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендеріндегі жобаларды жүзеге асыру нәтижесімен таза ауыз су 100 пайызға қамтамасыз етілетін болады.
2025 жылға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы Арал және Қазалы аудандарында Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының екінші тармағына Ұлттық қордың 3 миллиард теңге қаржысы есебінен құрылыс жұмыстары басталған. Жоба құны 43 миллиард теңгені құрайтын 12 шақырым ауыз су құбырын тарту жоспарланған.
«Байқожа топтық құбырының сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту» жобасы бойынша бүгінгі күні 62 шақырым магистралды ауыз су құбыры жүргізілген. Жоба құны 2 миллиард 581 миллион теңге. Қазіргі уақытта тартылған құбырларға үрлеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
20 желтоқсан 2025 ж. 22 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 18

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 20

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 19

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 21

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031