Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Бүгінде аудан орталығынан шалғай орналасқан Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендерін таза ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев Қарақұм беткейдегі Шәкен және Шилі елді мекендеріне арнайы барып, ауыз су құрылысы жұмыстарының сапасын бақылады. Сондай құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесіп, жұмыстың ең алдымен сапасына аса мән беріп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Қазіргі таңда Шәкен ауылында 8,7 шақырым ауыз су желісі жүргізіліп, 31 темір бетон құдығы орнатылды. 76 үйге сервистік желісі жүргізіліп, 1 дана скважина бұрғыланды. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстары жүруде. Ал, Шилі елді мекенінде бүгінде 3,2 шақырым ауыз су желісі жүргізіліп, 24 темір бетон құдығы орнатылды. Сондай-ақ 30 үйге сервистік желісі жүргізіліп, скважина бұрғылау жұмыстары жүруде.
Шәкен ауылын ауыз сумен қамту құрылыс жұмыстарымен «Дәнекер КС» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі, ал Шилі елді мекеніндегі жұмыстарымен «Намыс – Құрылыс» ЖШС мекемесі айналысуда. Екі елді мекендегі де құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталып, елді мекен халқына сапалы ауыз суды пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамту туралы тапсырмасына сәйкес елді мекендердегі ауыз су құрылысы жұмыстары аяқталғаннан кейін аудан халқын таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайтын болады.
28 тамыз 2025 ж. 160 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 34

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031