Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар 100 пайыз су тұтынбақ

Тұрғындар 100 пайыз су тұтынбақ

Елде халықты ауыз сумен қамтамасыз ету ісі кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Өйткені қысы-жазы су тасып не құдықпен күнелтіп отырған шалғай ауылдар әлі де бар. Ал оған тозығы жеткен орталықтандырылған ауыз су жүйесін қосыңыз. Жалпы 2025 жылға дейін халықты таза ауыз сумен 100 пайыз қамту көзделген. Осы бағытта аймақтарда белсенді жұмыс жүргізілуде.
Жақында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, суды үнемдейтін және цифрлық технологияларды енгізу мәселесі қаралды. Мәжілісте аудан басшысы Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған 2025 жылдың соңына дейін халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуды тапсырмасына сәйкес, тиісті сала басшыларына аудан халқын ауыз сумен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жобаларды жыл соңына дейін аяқтау жөнінде тапсырма берді.
Қазір ауданда елді мекендерді ауыз сумен қамту үшін жалпы құны 1,2 миллиард теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылуда. Аталмыш жобадағы Шәкен, Сарбұлақ, Шилі және Шитүбек елді мекендері орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылғаннан кейін аудан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылмақ. Бүгінде елді мекендердегі құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жиында аудан әкімі жауапты сала басшыларына тұрғындарды ауыз сумен қамту, сапалы қызмет көрсетуде ешқандай мәселе болмауы керегін және барлық нысандарға мониторинг жасауды айтып, аудан бойынша тозығы жеткен су нысандарына, мұнараларға жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ соңғы уақытта тұтынушылар тарапынан ауыз судың сапасына наразылық жиі туындап жүргенін айтып, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының басшысына ауыз судың сапасын, тазалығын күнделікті бақылауға алуды тапсырды.
Айта кеткен жөн, биыл Қазақстан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады. Президент тапсырмасына сәйкес, 2 мыңға жуық елді мекенде орталықтандырылған сумен қамту және тазарту жүйелері салынады. Бұл ауылдарда 1 миллионнан астам халық тұрады. Сонымен қатар, жайылымдардың өнімділігін арттырудың жаңа тәсілдері енгізіледі. Сумен қамтамасыз ету және оны үнемдеу мақсатында 120 магистралды каналдар қайта құрылады. Алты аймақта 9 су қоймасы салынады.
Айнұр ӘЛИ
05 шілде 2025 ж. 41 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 37

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031