Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алтынның биржадағы бағасы тарихи рекорд орнатты

Алтынның биржадағы бағасы тарихи рекорд орнатты

Фото: Shutterstock.com

Алтын нарығында тарихи оқиға тіркеліп, бағалы металлдың биржадағы бағасы алғаш рет бір трой унциясы үшін 4400 доллар межесінен асып түсті. Бұл туралы
Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
18 желтоқсанда алтынның биржалық бағасы тарихи рекордты жаңартып, тарихта алғаш рет бір трой унциясы үшін 4400 доллар (2 266 000 теңге) межесінен жоғары көтерілді.
KASE мәліметінше, Астана уақытымен 21:17-дегі жағдай бойынша Нью-Йорктегі Comex биржасында алтынның ақпан айына арналған фьючерсінің бағасы алдыңғы жабылумен салыстырғанда 28,95 долларға (14 909,25 теңге) немесе 0,66% өсіп, бір трой унциясы үшін 4 402,85 долларды болды. Осылайша, алтын бағасы тарихта алғаш рет 4400 доллар деңгейінен жоғары болды.
Қазақстанда Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 18 желтоқсанда алтынның бағасы 71 347,99 теңге болған еді.
Еске салайық, бұған дейін Stan.kz алтын бағасының күрт қымбаттауы, оның себептері мен инвестиция ретінде тиімділігі туралы жазған еді. Сарапшылар жаһандық қаржы нарығындағы тұрақсыздық пен геосаяси ахуалдың алтынға сұранысты арттырып отырғанын атап өткен. Мамандардың пікірінше, алтын ұзақ мерзімді инвестиция ретінде өзектілігін сақтайды, алайда қысқа мерзімде баға құбылуы мүмкін.
19 желтоқсан 2025 ж. 259 0

Мал ұрлығына жол жоқ

10 сәуір 2026 ж. 106

Грант байқауы басталды

10 сәуір 2026 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930