Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алтынның бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

Алтынның бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

Алтынның бағасы 3 100 доллардан асып, тағы да рекорд жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ru.freepik.com

Дүйсенбіден бастап алтын унциясына 3 106,50 доллардан сатылып жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамптың баж салығына қатысты мәлімдемесі мен оның экономикалық салдарына қатысты алаңдаушылық, сондай-ақ геосаяси тұрақсыздық алтын бағасының өсуіне алып келді. Жыл басынан бері алтынның бағасы 18%-дан аса өсті. Осы айдың басында оның құны алғаш рет унциясы 3 000 доллардан асты. Сарапшылар бұл өсімді экономикалық тұрақсыздыққа, геосаяси шиеленіске және инфляцияға қатысты күшейген алаңдаушылықпен байланыстырады.

Сонымен қатар алтын бағасының өсуі бірнеше банкті өз болжамдарын ұлғайтуға мәжбүрледі.

Осы айда Goldman Sachs, Bank of America және UBS алтын бағасына қатысты болжамдарын көтерді.

    Goldman Sachs жылдың соңына дейін алтынның унциясы 3 300 доллар деңгейіне жетеді деп санайды (бұрынғы болжам 3 100 доллар болған);

    Bank of America 2025 жылы алтынның бағасы 3 063 доллар, ал 2026 жылы 3 350 долларға жетеді деген болжам жасады. Бұл олардың алдыңғы 2 750 және 2 625 доллар деңгейіндегі бағаларынан жоғары.

Трамп қызметке кіріскен сәттен бастап американдық өнеркәсіпті қорғау және сауда тапшылығын азайту мақсатында жаңа тарифтер енгізу жоспарын ұсынды.

Басылымның мәліметінше, 2 сәуірде Трамп жауап ретінде жаңа тарифтер пакетін жариялайды деген болжам бар.

Бұған дейін Трамп ресейлік мұнайға қайталама баж салығын саламын деп сес көрсеткен еді.
31 наурыз 2025 ж. 587 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930