Алтынның бағасы тарихта алғаш рет бір унция үшін 4400 доллардан асты
Биржада алтынның бағасы тарихта алғаш рет бір трой унциясы үшін 4400 АҚШ долларынан жоғары деңгейге жетті. Бұл туралы Comex сауда биржасы хабарлады.
Фото: Pexels
Фото: Pexels18 желтоқсандағы сауда-саттық барысында алтынның ақпан айына арналған фьючерстері бір унция үшін 4407,7 доллар деңгейіне дейін көтерілді. Осылайша, жыл басынан бері алтынның бағасы 65 пайыздан астам қымбаттаған.
Бұған дейін күмістің де бағасы тарихи рекордты жаңартты. 2026 жылдың наурыз айында жеткізілетін күміс фьючерстерінің құны бір трой унция үшін 67 доллардан асып түсті. Жыл басынан бері күмістің бағасы 126 пайыздан астам өскен.
Биылғы жылдың қазан айында алтын мен күмістің бағасы рекорд жаңартқан еді.









