Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа нысан – жақсы нышан

Жаңа нысан – жақсы нышан

Кәсіптің көбеюі өңір экономикасының өркендеуіне жол ашады. Жергілікті тұрғындар арасында кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары күн санап өсуде. Көкжиегін кеңейтіп, кәсібін көркейткен мекенде бейсенбіде Асылан Бақытбектің жеке қаражаты есебінен салынған жаңа қонақүйдің ашылу салтанаты өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, жауапты сала басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталып, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
«Қазалы ауданында айтулы істер, жарқын жобалар жүзеге асуда. Биылға аудан бюджеті 18 миллиард 900 миллион теңге болып бекітілсе, нақтыланған бюджет көлемі 27 миллиард теңгеге жетті.
Мұнда Президент тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 1 медициналық, 4 ауыз сумен қамтамасыз ететін барлығы 5 жоба жүзеге асуда. Шалғайдағы Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбекке таза ауызсу жеткізілді.
Жаңадан ашылған қонақүйдің қызмет сапасы жоғары, табысы берекелі болғай», – деді Қайрат Нұртай.
Сәні мен сәулеті жарасым тапқан жаңа ғимарат бүгінгі заман талаптарына толық сәйкес жасақталып, аудан инфрақұрылымын кеңейтетін маңызды нысандардың біріне айналмақ. Енді ол жергілікті тұрғындарға да, сырттан келетін меймандарға да сапалы қызмет көрсетуді көздейді.
Салтанатты рәсім барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар кәсіпкерлер облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп жиналғандарды қуанышты сәтпен құттықтап, жаңа нысанның жұмысына табыс пен береке тілеп, кәсіпкерлік саласының қарқынды дамуы аудан өркендеуінің маңызды тетігі екенін атап өтті.
Айта кету керек, бұл жобаны іске асыруға кәсіпкер Асылан Бақытбек 500 миллион теңге көлемінде жеке қаражатын бағыттаған. Қазіргі заман архитектурасы мен қызмет көрсету стандарттарына сай салынған ғимараттың ресепшн аймағынан бастап әрбір бөлшегі қонақтардың жайлылығын арттыруға арналған. Қонақүйде 17 нөмір (37 орын), іскерлік кездесулер мен түрлі іс-шаралар өткізуге лайықталған кең конференц-зал, сондай-ақ демалыс пен жайлы әңгімеге арналған лаундж аймақ қарастырылған.
Айнұр ӘЛИ

13 желтоқсан 2025 ж. 32 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 27

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 29

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 33

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 30

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031