Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » AMANAT: Шалғайдағы Шәкен ауылына ауызсу келді

AMANAT: Шалғайдағы Шәкен ауылына ауызсу келді

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында Қазалы ауданындағы Шәкен ауылы ауыз су жүйесіне қосылды. Салтанатты рәсімге облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Облыстық мәслихат төрағасы аймақта Мемлекет басшысының ауылдарды 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты.

«Президентіміз халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету айрықша маңызды міндет деп белгілегені белгілі. Осы бағытта қабылданған нақты шаралардың арқасында бүгінде қала халқының және ауыл тұрғындарының көпшілігіне таза ауыз су жеткізілді. Сумен жабдықтау жүйесін салу және жаңғырту – Мемлекет басшысының тапсырмасы, Үкімет жұмысының басым бағытының бірі. Қалалар мен ауылдардың барлығына түгелдей ауыз су жеткізу жөніндегі тапсырма Сыр өңірінде сапалы орындалуда. Ауылымыздың дамуы мен келешегінің жарқын болуы тұрғындардың бірлігі мен татулығына тікелей байланысты. Ауыз судың тартылуы әрбір отбасының тұрмысына, өмір сапасына оң әсер ететіні сөзсіз. Өңіріміздің жарқын болашағы үшін еңбек етіп жүрген барлық жерлестерімізге шексіз алғысымды білдіріп, әр шаңыраққа амандық, молшылық пен береке тілеймін», – деді Мұрат Жолкелдіұлы.

Рәсімде аға буын өкілдері, ауыз су жүргізген мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Шәкен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзілхан Үмбетов сөз сөйлеп, игі тілегін жеткізді.

Айта кету керек, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында өткен айларда ауданымыздағы Шилі және Шитүбек елді мекендері ауызсу желісіне қосылды. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Сарыбұлақ ауылында таза ауыз су тарту жобасы толықтай аяқталды.

#AMANAT
11 желтоқсан 2025 ж. 112 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 104

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031