Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Масктың коучі ми жұмысын жақсартудың 3 тәсілін ұсынды

Масктың коучі ми жұмысын жақсартудың 3 тәсілін ұсынды

Tesla және Space X компаниясының негізін қалаушы Илон Маск өзінің қол астында жұмыс істейтін адамдарға жол сілтесін деген мақсатпен танымал коуч Джим Квиктің арнайы лекциясын тыңдатқан. Онда ми жұмысын жақсарту туралы, әсіресе, көлемді мәтінді оқу, маңызды ақпаратты еске ұзақ сақтап қалу сынды нәрселерге көп көңіл бөлген.
Төменде көрсетілген бұл 3 тәсіл қарапайым болса да, өте тиімді.
1. Негатив ойдан арылу
Квик берген кеңесте "автоматты негатив ойлардан" (Automatic Negative Thoughts, ANT) арылуға назар аударады. Ондай ойларға өз-өзін жегідей жеу, өзгелерді кінәлау, әлі басталмаған істің нәтижесіз болатынына алдын ала сену жатады.
Сондай-ақ мұндай негатив ойға адамның өз мүмкіндігін жасымен шектеуін де қосуға болады (мысалы, "Мен жаңа дүние үйрену үшін тым кәрімін" дегенге саятын ойлар). Квик мұндай ойды бірден жойып отыру керегін айтады.
2. "Миға арналған қорек" тұтыну
"Миға арналған қорек" тұтыну деген кеңеске делсал қарайтындар көп, бірақ ол өте маңызды қадам. Коуч оның кем дегенде күніне 1 порциясын қабылдауға шақырады. Квик пікірі бойынша, Топ-10 үздік өнім:
* Авокадо
* Бүлдірген
* Брокколи
* Жұмыртқа
* Шөп түрлері
* Балық
*Куркума
* Грек жаңғағы
*Қара шоколад
* Су.
3. Көп оқу
Көп ақпарат пен білім алу үшін біраз оқу керек. Жылдам оқу әдетін қалыптастыру жолында бұл іске күніне кем дегенде 10 минут уақыт бөліп, оны әдетке айналдыруға кеңес береді. Сондай-ақ, ол оқып жатқан жолды саусақпен сырғытып отыру оқу процесінің өнімділігін арттырады деп есептейді.
"Бір ғана кітап оқыған адамның өзі адамзаттың ондаған жылдар бойы жинаған тәжірибесінен хабардар бола алады", - дейді Квик.

29 мамыр 2020 ж. 623 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930