Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның төртінші ғарышкері қашан ғарышқа аттанады – Бектенов жауабы

Қазақстанның төртінші ғарышкері қашан ғарышқа аттанады – Бектенов жауабы

Премьер-Министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының Қазақстанның төртінші ғарышкерін ұшыруға қатысты сауалына жауап берді.
Фото: ҚР Үкіметі
Қазақстандық ғарышкерлердің қатысуымен өтетін халықаралық ғарыш бағдарламаларының жобаларына келетін болсақ, олар ұлттық және халықаралық тұрғыдан орынды болатын жағдайларда іске асырылатынын атап өткен жөн. Басқарылатын бағдарламаларға қатысу қомақты қаржы шығындарын талап етеді,- деді Премьер-Министр жауабында.
Оның атап өтуінше, оған тек ұшудың өзі ғана емес, сонымен қатар ғарышкерді даярлау, ғылыми бағдарлама, логистика және ұшудан кейін қызмет көрсету кіреді.
- Осыған байланысты төртінші қазақстандық ғарышкердің ұшуын жүзеге асыру мәселесі мейілінше салмақты және прагматикалық тәсілді талап етеді. Жобаның өзектілігі мен негізділігі расталған жағдайда тиісті іс-шаралар белгіленген тәртіппен халықаралық міндеттемелерді сақтай отырып және елдің қаржылық-экономикалық мүмкіндіктерін негізге ала отырып іске асырылатын болады, - деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады. 
Бұған дейін «Байқоңыр» кешенінде Туризмді дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын жазған едік.

02 маусым 2025 ж. 235 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031