Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді

Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді

Фото: pixabay
2026 жылдың басынан елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Осыған байланысты Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларды жоспарлау мен орындауда қосылған құн салығын (ҚҚС) есептеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрлік мәліметінше, жылдық жоспарлар, соның ішінде алдын ала жоспар мен аванстар, ҚҚС-сыз әзірленеді. Яғни салық мөлшері жоспар құжаттарында көрсетілмейді.
Ал ҚҚС пен акциздерге қатысты талаптар тікелей сатып алу қорытындысы бойынша жасалатын келісімшартта белгіленеді. Бұл - салық және кеден заңнамасында көзделген рәсім.
Салық кодексінің нормаларына сәйкес, ҚҚС тауар, жұмыс немесе қызмет көрсетілген сәтте, яғни тауарды тапсыру күні немесе орындалған жұмыс/қызмет актісі рәсімделген күннен бастап есептеледі.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16% болып белгіленеді және ол бұрын жасалған келісімшарттарға да қолданылады. Егер мәміле жасалған сәтте жеткізуші ҚҚС төлеушісі болса.
ҚҚС төлеуші мәртебесі бар жеткізушілер Салық кодексіне сай шот-фактуралар рәсімдеуге міндетті. Егер жеткізушінің салық мәртебесі өзгерсе, мемлекеттік сатып алу шартына тиісті түзетулер енгізуге рұқсат етіледі. Бұл ретте келісімшарттағы сапа талаптары мен өзге шарттар өзгеріссіз қалады.
Мемлекеттік сатып алулардың электрондық порталы жеткізушінің ҚҚС төлеуші екенін автоматты түрде анықтап, келісімшарттағы салық сомасын өзі есептейді. Сондай-ақ жүйе әр позиция бойынша ҚҚС салынатын және салынбайтын бөлікті бөлек көрсетеді.
Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын орындау кезінде 16% мөлшеріндегі ҚҚС міндетті түрде қолданылады, келісімшарт қашан жасалғанына қарамастан, бастысы операция орындалған кезде жеткізуші ҚҚС төлеушісі болуы тиіс.
Министрлік жаңа жүйе түсінбеушіліктерді азайтып, даулы жағдайлардың алдын алуға және салық талаптарын біріздендіруге көмектеседі деп атап өтті.
 
08 желтоқсан 2025 ж. 150 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 150

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031