Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салық есептілігіне жұмсалатын уақыт жылына 200 сағатқа дейін қысқарады – министрлік

Салық есептілігіне жұмсалатын уақыт жылына 200 сағатқа дейін қысқарады – министрлік

Фото: istockphoto.com
Келесі жылы елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Осыған байланысты Қаржы министрлігі жаңа ережелерді бизнеске түсіндіру үшін республиканың барлық өңірінде ақпараттық науқан бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бірінші кездесу Абай облысынан басталған. Қаржы министрлігінің ақпаратынша, бұл өңір салық жинау жоспарын артығымен орындаған. Абай облысының экономикасы ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және энергетика салаларына негізделген.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов салық реформасы бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтатынын атап өтті.
«Мәселен салық нысандарының саны 36-дан 25-ке дейін қысқарды, ал салық түрлері 45-тен 36-ға дейін азайып отыр. Есептілікке жұмсалатын уақыт жылына 280 сағаттан 200 сағатқа дейін қысқарады. Біз салықтық әкімшілендіру барынша ашық, түсінікті және ауыртпалығы аз болуы үшін ұмтыламыз. Бұл кәсіпкерлік қызметке аса қолайлы жағдай жасайды және бизнесті көлеңкеден шығаруға ықпал етеді», - деді Біржанов.
Кездесу барысында қосылған құн салығын, корпоративтік және жеке табыс салығын есептеу мен төлеуге қатысты өзгерістерге ерекше назар аударылды.
01 тамыз 2025 ж. 182 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930