Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Салық кодексі Тоқаевтың қарауына жіберілді

Жаңа Салық кодексі Тоқаевтың қарауына жіберілді

Фото: Pixabay.com
Жаңа Салық кодексі мен салық салу мәселелері жөніндегі заң жобасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюына жолданды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжіліс депутаттары 23 маусымда қаралған құжат бойынша Сенат ұсынған түзетулерге келісті. Енді Мемлекет басшысы бұл маңызды заң жобасын қолдаған жағдайда, жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Депутат Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, палата отырысында құжаттың негізгі ережелері өзгеріссіз қалған.
«Тек мерзімдер мен тұжырымдарға қатысты нақтылау мен түзетулер енгізілді. Жалпы саны 160-тан астам өзгеріс ұсынылған», – деді ол.
Сенат енгізген негізгі ұсыныстар:
Фермерлерге арналған прогрессивті салық жүйесін енгізу;
Биржалық операциялардан түскен дивидендтерге салықтық жеңілдіктер беру
Мүгедектігі бар адамдар еңбек ететін кәсіпорындарға жеңілдік қарастыру;
Кейбір банк және әлеуметтік қызмет түрлерін қосылған құн салығынан босату;
Ел ішінде сатылатын люкс тауарларға (автокөліктер, яхталар, ұшақтар және т.б.) акциз салығын енгізу.
Айта кетейік, бұған дейін Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті кодекс жобасын екі оқылымда мақұлдағанымен, кейбір баптарына келіспей мәжіліске қайта жолдады.
25 маусым 2025 ж. 648 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031