Түнгі рейд жұмыстары тұрақты жүргізілуде
Жастар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу бойынша кезекті түнгі рейдтің жетекшісі - “Аmanat” партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев.
Нұрғиса Жаппарбергенұлы бастаған құрам Әйтеке би кентіндегі жастардың көптеп бас қосатын орындарын аралап, спорт алаңдары мен ойын-сауық орталықтарына барып, кәмелет жасқа толмаған өскіндердің беймезгіл уақыттан кейін жүруіне болмайтындығын ескертті.
Тыныштықты көздейтін топ құрамында аудандық білім бөлімі, мектеп, полиция бөлімі, жастар орталғы мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері болды.
Айта кеткен жөн, аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес жастар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу шаралары тұрақты түрде жалғасын таба береді.