Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы агроөнеркәсіпте заманауи су үнемдеу технологиялары қолданылмақ

Қызылорда облысы агроөнеркәсіпте заманауи су үнемдеу технологиялары қолданылмақ

Қызылорда облысында заманауи су үнемдеу технологияларын қолданылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сыр өңірінде биыл мамыр-маусым айларында ауа температурасының салқын болды. Сондай-ақ, шілде айында Сырдария өзеніндегі судың айтарлықтай азайды. Соның салдарынан су тапшылығы орын алды. Осындай жағдайларға қарамастан өңірдегі шаруалар сол сынақтан абыроймен өтті. Бүгінде олар егін жинауға кірісіп отыр.
«Қазіргі жағдайдағы су тапшылығы жағдайынан сабақ алып, келешекте ағымдағы жағдайды ескере отырып, шаруашылықтың одан әрі дамуы үшін барлық шараларды жасауымыз керек. Су тапшылығының кері әсерін азайтудың біз үшін бірден-бір жолы - «Күміскеткен» су қоймасы мен Қараөзек арнасындағы тоғанның құрылысын бастауды жеделдету», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қармақшы ауданындағы «Жаңажол» ЖШС егіс алқабында өткен астық жинау рәсімі мен ауылшаруашылығын дамыту бойынша семинар-кеңесінде.
Аталмыш су қоймасын салу үшін техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен қаражат бөлінгенін атап өткен жөн. «Күміскеткен» су қоймасы 600 млн текше метр суды, ал Қараөзектегі тоған 1,5 миллиард текше метрге дейін су жинауға мүмкіндік береді.
Мамандар Сыр өңірінде суармалы суды үнемдеу және тиімді пайдалану бойынша толық шаралар кешенін енгізу қажет екенін айтады. Мәселен, заманауи су үнемдеу технологияларын қолдану - маңызды мәселелердің бірі.
«Елбасымыздың алдағы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге арттыру тапсырмасын орындау үшін егін шаруашылығында суды аз қажет ететін, экономикалық жағынан тиімділігі жоғары, сыртқы нарықта сұранысы мол дақылдарды және цифрлық агротехнологияларды енгізу қазіргі жағдайда өте маңызды. Бұл бағыттағы жұмыстарды өз дәрежесінде атқару үшін біз облыстың аграрлық саласын 2020 жылға дейін дамыту Агрокартасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарын бекітіп, аграрлық ғылымның озық жетістіктерін кеңінен пайдалануды бастадық», - деді аймақ басшысы.

06 қыркүйек 2018 ж. 1 199 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031