Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ізгілікті ұялатқан жүрекке

Ізгілікті ұялатқан жүрекке

Өмірге келу бар адамға тән болғанымен, оны дұрыс сүріп, адалдық пен адамгершілікті бойына ұялатып, қайталанбас мұрасымен есімі ұзақ уақыт көңіл пернесінен лайықты орын алатындары санаулы. Ұстаздық мәңгі мамандықты өмірлік азығына айналдырған парасат иесі – Жамила Қожахметова.
Ұлағат иесі 1942 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген.
1949 жылы Қазалы қаласындағы №17 орта мектепте білім бастауын алса, 1959 жылы Жаңа Қазалы қыстағындағы №420 мектептен 10 жылдық оқуын бітірген. Осы жылы Қызылорда қаласындағы Мәншүк Маметова атындағы қыздар педагогикалық училищесіне құжат тапсырады. 1961 жылы училищені бастауыш кластардың мұғалімі мамандығы бойынша бітіреді.
1961 жылдың тамыз айында Қазалы ауданы, Ғани Мұратбаев ауылындағы №91 мектеп-интернатына тәрбиеші болып орналасып, еңбек жолын бастайды.
1964 жылдың тамыз айында аталған№91 мектептің бастауыш кластар, одан кейін орыс тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып еңбек етеді.
Отбасындағы жағдайға байланысты, 1975 жылдың қараша айынан – 1992 жылдың қыркүйегіне дейін Қазалы қаласындағы №17, Жаңа Қазалы қыстағындағы Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектептерде бастауыш сыныптар мұғалімі қызметін атқарған.
Адам өзгеге өзінде барын ғана бере алады. Білім жолына жаңа қадам басқан оқушының балауса ойын біліммен суарып, әріптер әліппесімен бірге орыс тілі мен әдебиеті пәнінің сырын ұғындырып, өмірге бағыт көрсеткен асыл жан білімімен де, өнегелі тәрбиесін дарыта алды. Өзі де, сөзі де – мейірім мен парасаттың үлгісіндей еді. Ешқашан ізденуден жалықпайтын, теориялық білімін өмірлік қағидалармен қаттап, өрістеттетін өміршең ісі талай сана саңлауын сәулелендірді.
Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы әріптен басталған сапарына серік болып, оларға білім ғана емес, мейірім, тәрбие, сенім сыйлау, шын мәнінде, шыдамдылық пен шебелдікті, ұтқырлық пен ұқыптылықты қажетсінеді. Білімнің іргетасын қалаудағы қажырлы ісі өзіне алғыс болып оралды. Өмірлік жолдарын адаспай тапқан талай пейілді шәкірті мейірілі жүрекке әлі де алғыс айтып, сағынышпен еске алады
Ауыл баласына өзге тілді үйрену қашан да оңайға соқпасы белгілі. Осындайда тәжірибелі мұғалім пәннің нәзік әлемін бала жүрегіне бүтін күйінде жеткізе білетін өзіндік өректі әдісімен ерекшеленетін. Басқа әріптестері сынды өспірімді білім деңгейімен санамаламай, білуге ұмтылдыру, тұлғалық қасиетін табу, құштарлығын арттыру, жаңалыққа ашықтық қабілетін ұштаудың нағыз білгірі.
Отбасында да осы асыл жолдың жалғасы, алтын қазығы бар. Жолдасы Мұнарбай Қожахметов – ұстаздардың ұстасы, нағыз мұғалімдер әулетінің шырағы бола білді. Ұзақ жылдар бойы аудандағы білім бөлімін басқарып, аймақтың ағарту ісіне өз қолтаңбасын қалдырған еңбек адамы. Ол кісі жауапты жұмыс тізгінін ұстап отырғанда, Қазалыда қандай оң өзгерістер орын алғаны туралы мәліметтер бір тақырыпқа арқау. Бұл шаңырақ – нағыз білім мен парасаттың ұясы, ұрпақ тәрбиесін өмірлік миссиясына айналдырған жандардың таңбалы жолы. Екеуі тәрбиелеп өсірген үш ұл, екі қыз өз мамандықтарын адал атқарып, ел дамуына үлес қосты.
Жауапты қызметтегі ерді күте жүріп, жұмысқа үлгеру, отбасы тұтастығын сақтау, бала тәрбиесін ақсатпау, қонағын күту, кемшілікке жол бермей, елге үлгі көрсету де – абыройлы сын. Жамила Қожаниязқызы жан-жақтылығымен барлығына үлгеріп, даму мен жаңашылдыққа ілесуді бір сәт ұмыт қалдырған жоқ.
Ізгілік жаршысы айналасына жылу сыйлайтын күн секілді көрінетін. Оның әрбір сөзінен мейірімнің, әрбір ісінен әділдіктің табы табылып тұратын. Кемел адам болу – тек білімді болу емес, адамға тән ең құнды қасиеттерді бойына жинаумен толықтырылады.
Бір жас маман: «Жамила апайдың жанында өзің де түзеліп, өмірге басқаша қарағың келеді», – дегенді айтатын. Негізсіз мақтау емес. Ол кісі ешқашан дауыс көтермей, қандай жағдайда да ақылмен жол көрсететін. Қай жерде әділдік керек болса – сол жерде, қай кезде демеу қажет болса – қолдау көрсетуге дайын тұратын.
Елге сіңірген елеулі еңбегі ұстазды абыройға бөледі. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағы беріліп, Кеңес одағы коммунистік партиясы орталық комитетімен бекітілген «1980 жылғы Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» медалімен наградталды. Бірнеше рет оқу-ағарту Министірінің, облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімі басшыларының Алғыс, құрмет грамоталары, мақтау қағаздарымен марапатталды. Бір қызығы, мақтау-марапат емес, өзі шамын жаққан шәкірттерінің биік белесі оны қуантып, ынталандыра түсетін
Өзі сүйген ісін отыз бір жыл атқарып, 1992 жылы құрметті еңбек демалысына шықты.
Зейнетке шыққан соң да қоғамдық істен тыс қалмай, жиған тәжірибесі мен ақыл-өнесін жастарға жұмсады.
Әдеп пен инабатты өмірінің өзегіне айналдырып, үлкенге құрметті, кішіге қамқор болуды сөзбен емес, іспен дәлелдейтін нағыз парасат иесі – айналасына үлгі, ұрпаққа аманат болатын тұлға 2005 жылдың 2 қаңтарында, 83 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан
Айзада ЕШМАХАНОВА,
КСРО және ҚазКСР халық ағарту ісінің үздігі
ҚазКСР жоғарғы кеңесінің депутаты
Қазалы ауданының құрметті азаматы
02 желтоқсан 2025 ж. 110 0

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 19

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 106

Ізгілікті ұялатқан жүрекке

02 желтоқсан 2025 ж. 111

Күрежолдағы нысандар назарда

02 желтоқсан 2025 ж. 108

Желтоқсан көшесі жөнделуде

02 желтоқсан 2025 ж. 107

Құрылыста қарқын бар

02 желтоқсан 2025 ж. 110

Елес торыған үй

02 желтоқсан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031